Қараусыз атты ел қауіпсіздігі үшін ұстап иесіне тапсырды

2003.jpg

Полицейлер түнгі уақытта қараусыз жүрген жылқыны ұстап, иесін анықтап, алғыс алды.

Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері учаскелік полиция инспекторлары полиция капитаны Ерлан Абдукадиров пен полиция аға лейтенанты Дилмурад Тойчибаевтар, түнгі уақытта ауыл ішінде бос, қараусыз жүрген жылқыны байқап, оны ұстап алды. Мұндағы мақсат жылқының ұрылардың қолына түсіп қалуынан сақтау мен жолға шығып кетіп қандай да бір жол апатын жасауының алдын алу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Осы бағытта өзгенің жылқысын жетектеген полицейлер оны бөлімге жеткізді. Содан бірден үй жануарының иесін табу бағытында қызмет атқарды. Жеделдетілген іздестіру іс-шаралары нәтижесінде, таңертең Сайрам аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлері жылқының егесін анықтап, оған ескерту жасады. Ал жылқысы табылған Сайрам ауданының тұрғыны полицейлердің қырағылықтары мен жауапкершіліктеріне алғысын жаудырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

«Жылқым ауламдағы қорада тұрған еді, қалай сыртқа шығып кеткенін білмедім. Десекте малымды тауып, оны қауіпсіз жерде ұстаған полицейлерге рақмет!»-деп атап өтті тұрғын өз сөзінде. Ал полиция қызметкерлері ауыл тұрғынына, үй жануарларын қараусыз қалдырмауға, алдағы уақытта өте сақ болуға кеңес берді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жамбыл облысында перзентханадағы ана өліміне байланысты жоспардан тыс тексеру басталды
  • Медицина қызметкерлерінің мәселесі қаралды
  • Бәйдібек ауданына қарасты «Ерсұлтан-Агро» ЖШС-де семинар кеңес өтті
  • «Ауыл» партиясының депутаты Измирде өткен халықаралық көрмеге қатысты
  • Астанада «Ауыл» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген жиыны өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер