Беймезгіл уақытта жүрген 12 жасөспірім анықталды

3101.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бекітілген он жобаның бірі – «Қауіпсіз ел» ұлттық жобасын жүзеге асыруды көздеген Түркістан облысының полицейлері бірнеше сағат ішінде беймезгіл уақытта жүрген 12 жасөспірімді анықтады. Бұл туралы Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан қалалық Полиция басқармасының ювеналды полиция инспекторлары рейдтік іс-шара ұйымдастырды. Оған Адами әлеуетті дамыту бөлімі мен Жастар ресурстық орталығының қызметкерлері де ат салысты. Полицейлер түнгі уақытта тұрғын үйден тыс жерде жүрген кәмелетке толмағандардың ата-аналарын жауапкершілікке тартты.

Оның ішінде Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабының 2-бөлігі "Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын үйден тыс жерде болуы" бойынша 12 хаттама толтырылды. Сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына жол бергені үшін 1 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оған қоса ювеналды полиция инспекторлары ата-аналарға балалардың түнде үйден тыс жерде болуына жол бермеу керектігі туралы түсіндіріп, құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын ескертті. Осы ретте тәртіп сақшылары ата-аналарға мұндай түнгі рейдтер күнделікті жүргізілетінін атап өтті. Ал кәмелетке толмағандарға түнгі сағат 23:00-ден таңғы 06:00-ге дейін заңды өкілдерінсіз үйден тыс жерде болуға тыйым салынатыны ескертілді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер