«Күлпаршын базарын» қалпына келтіру жүріп жатыр

10.jpg

Жетісай ауданының әкімі Мұрат Қадырбек аудан орталығындағы өртке оранған «Күлпаршын базары» ЖШС қайта қалпына келтірілу жұмыстарымен танысып, жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралап көрді. 

Қазіргі таңда базарды қалпына келтіру бойынша дайындаған бас жоспар негізінде «STALKON STROY» ЖШС мен «Стандарт Плюс К» ЖШС мердігер мекемелерінен 6 бригадада 40 құрылысшы, оған қосымша «Күлпаршын базары» ЖШС тарапынан тағы жалдамалы 4 бригадада 30 құрылысшы тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Ауа райының жаңбырлы болуына қарамастан тоқтаусыз жүріп жатқан құрылыс жұмыстарының нәтижесінде түрлі тауарлар сататын 70-ке тарта дүңгіршек қолданысқа берілген. Базар басшылығы алдағы аптаның басында ет сататын тағы 30 дүкенді қолданысқа беруді жоспарлап отыр.

Аудан басшысы құрылыс жұмыстарын толық аралап шыққан соң базар басшылығына базармен жапсарлас және базар аумағында кәсіпкерлердің өздері салып жатқан ғимараттардың заңдылығын, өрт және басқа да қауіпсіздік шараларының сақталуын қатаң бақылауға алуды тапсырып, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін заңсыз салынған ғимараттарға заңды құжаттардың берілмейтіндігін қатаң ескертті.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Жамбыл облысында перзентханадағы ана өліміне байланысты жоспардан тыс тексеру басталды
  • Медицина қызметкерлерінің мәселесі қаралды
  • Бәйдібек ауданына қарасты «Ерсұлтан-Агро» ЖШС-де семинар кеңес өтті
  • «Ауыл» партиясының депутаты Измирде өткен халықаралық көрмеге қатысты
  • Астанада «Ауыл» партиясы саяси кеңесінің кеңейтілген жиыны өтті
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер