Арыста жаңа клиника іске қосылды

19.jpg

Арыс қаласында МӘМС арқылы тегін қызмет көрсететін клиника қызметін бастады. Д.Қонаев көшесінде орналасқан клиниканың ашылу салтанатына қала әкімі Гүлжан Құрманбекова мен зиялы қауым өкілдері, дәрігерлер мен жергілікті тұрғындар және саланың жауапты мамандары қатысты.

Медициналық әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы қызмет көрсететін «IMPULS MED» ЖШС-і күндізгі стационарда 20 пациент қабылдауға қауқарлы. Сол үшін арнайы палаталар төсек орынмен жабдықталған. Мұнда айына 160, ал жылына 1 920 пациенттің тегін емделуге мүмкіншілігі бар. Клиника басшылығы 15 адамды жұмыспен қамтуды жоспарлап, қазір 11 дәрігер тұрақты қызметке орналасқан. Жоғары білімді және білікті дәрігерлер тобынан құралған ұжым кардиология, урология, терапевт пен ересектерге арналған ЖТД дәрігері және балаларға тегін консультациялық диагностикалық көмек (қосымша ақылы қызметі де бар) көрсетеді.

Мекеме стандарттарға сай заманауи медициналық аппараттармен және құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Әлеуметтік орталыққа жарты миллиард теңге бөлінетін болды
  • Алматыда метро құрылысын бақылайтын штаб құрылады
  • Бастауыш - білім негізі
  • Түркістанға «Жібек жолы» халықаралық пойыз бағытымен 300 турист келді
  • ІХ халықаралық театр фестивалі шымылдығын түрді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер