Түркістандық боксшылар жартылай финалда

27.jpg

Бокстан Иорданияның Амман қаласында кезекті Азия чемпионаты өтіп жатыр. Дүбірлі сында Қазақ елінің спортшылары өте сәтті жұдырықтасуда. Команданың қарқыны керемет. Олардың арасында Түркістан облысының өрендері – Сәкен Бибосынов пен Сағындық Тоғамбай да бар. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

51 келіде сынға түскен Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жекте үндістандық Кумар Спаршты жеңсе, екінші кездесуінде малайзиялық Каюм Ариффинді тізе бүктірді. Ал 86 келіде жұдырықтасқан Сағындық Тоғамбай тәжікстандық Навруз Джафоевты 5:0 есебімен ойсырата жеңді. Мырзағали Айтжановтың қос шәкірті Азия чемпионы атануға бар күштерін салады. 

Ерлер ұлттық құрамасынан Санжар Ташкенбай (48 кг), Сәкен Бибосынов (51 кг), Махмуд Сабырхан (54 кг), Серік Теміржанов (57 кг), Саматәлі Төлтаев (60 кг), Дулат Бекбауов (67 кг), Асланбек Шымбергенов (71 кг), Нұрқанат Райыс (75 кг), Нұрбек Оралбай (80 кг), Сағындык Тоғамбай (86 кг), Айбек Оралбай (92 кг), Қамшыбек Қоңқабаев (+92 кг) сынды спортшылар жартылай финалға шықты. 

Қазақстан әйелдер құрамасынан Алуа Балқыбекова (48 кг), Назым Қызайбай (50 кг), Жазира Орақбаева (52 кг), Жайна Шекербекова (54 кг), Карина Ибрагимова (57 кг), Мадина Нұршаева (66 кг), Дариға Шакимова (70 кг), Гүлсая Ержан (81 кг) мен Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) да жартылай финалдан ойып тұрып орын алды. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер