Акция мақсаты-құқықтық көмек көрсету

52.jpg

ҚР Бас прокуратурасының бастамасымен республика көлемінде өтіп жатқан «Заң керуені» акциясы Отырар ауданында да жалғасын тапты. Бұл туроалы Отарыр ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Акцияның мақсаты жергілікті жерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдардарды түсіндіру, заңды ұқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, прокуратураның құқық қорғау рөлін іске асыру, елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту үшін азматтық қоғам мен құқық қорғау органдарының күш-жігерін біріктіру. 

Аталған іс-шараға Отырар аудандық прокуратурасының прокуроры Б.Булеулиев пен аудан әкімінің орынбасары А.Құлмаханов және аудандағы барлық құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары мен жауапты мамандары қатысты.

Кездесу барысында аудан прокуроры Бахытхан Төлегенұлы аудан прокуратурасы халықпен тікелей байланыс орнату арқылы қоғамдағы ең өзекті мәселелермен танысып, олардың заң аясында шешімін табуына ықпал ететінін атап өтті. 

Жиында аудандық халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Қ.Кизбай, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Д.Омарбек, аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары М.Бөрібековтер баяндама жасап, атқарылған жұмыстарына тоқталды. 

Ашық форматтағы басқосуға келген жұрт өздерін толғандырған мәселелерін тікелей прокуратура өкілдері мен жауапты бөлім басшыларына қойып, тұщымды жауаптар алды.

Кездесуден соң аудан прокуроры Б.Булеулиев ауыл тұрғындарын жеке мәселелерімен қабылдап, өтініштері мен талап-тілектерін тыңдады.

Айта кету керек, акция аясында өткен кездесу аудандағы өзге ауыл округтерінде де өтеді деп жоспарланған.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер