Кездесуде маңызды мәселелер талқыланды

55.jpg

Төлеби ауданы әкімінің халықпен кезекті кездесуі Алатау ауылдық округінде өтті. Бұл туралы аудан әкімі Төлеген Телғараев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.  

- Округ аумағындағы аудандық маңызы бар жолдардың қанағаттанарлық жағдайы 90,1 пайыз. Биылғы жылы жалпы ұзындығы 2,6 шақырымды құрайтын 3 көшеге асфальт төселді. 6,2 шақырымдағы облыстық маңызы бар КХ-170 «Екпінді-Біркөлік» шипажайына кіре беріс жолды орта жөндеуден өткізілді. Сонымен қатар С.Әбдікерімұлы көшесіне тас төселіп, Біркөлік елді мекеніндегі 6,3 шақырымды құрайтын М.Мақатаев, Боралдай, Л.Хамиди көшелеріне, Екпінді елді мекеніндегі Шалқар, Б.Саттарханов, Ақтоғай көшелерін орта жөндеу өткізу бағытында жұмыстар жүргізілуде. 

Округ аумағындағы табиғи газға қосылған абоненттер саны 1224 үй. ГРПШ саны 917 дана. Нысанбек елді мекеніндегі ауыз су құбырының құрылысы аяқталып, қараша айында пайдалануға беріледі. Қосағаш елді мекеніндегі ұңғымаға ағымдағы жөндеу жүргізілді. Шұбарағаш елді мекеніндегі бұлақ көзінің санитарлық аймағы қоршалуда. 

Ұлттық қор есебінен Екпінді, Біркөлік елді мекендерінің электр жүйелері мен трансформаторын орнатуға 99,5 млн теңге қаржы қарастырылды. Біркөлік елді мекеніндегі Қазақстан, М.Мақатаев, Бұлақты №1, 2,3, Өгем көшелері, Екпінді елді мекеніндегі Н.Назарбеков, Беткейлі, Тараз көшелеріне 16,2 шақырым электр желісі тартылып, 7 трансформатор, 160 бағана ауыстырылады. Сондай-ақ «Оңтүстік Жарық Транзит» мекемесінің инвестициялық бағдарламасы аясында Жаңатұрмыс елді мекеніне 2,7 шақырым электр желісі, 96 бағана қойылады. 

Нысанбек елді мекенінің 1,409 шақырымына, Абай көшесінің 1,3 шақырымына, Төлеби көшесінің 0,3 шақырымына, Алатау елді мекенінің 1,0 шақырымына түнгі жарық орнатылды,-деп хабарлады әкім.  

Ауылда 2022 жылы жүзеге асып жатқан жобалар:

• Екпінді, Шұбарағаш, Қосағаш елді мекендеріндегі ауыз су жүйесі ағымдағы жөндеуден өтті.

• Қайнар және Шатыртөбе елді мекенінің су құбырлары мен құрылғылары қайта құрылды.

• «Таш» каналы механикалық тазалаудан өтті.

Үшінші тоқсанда өткен кездесуде көтерілген мәселелер бойынша атқарылып жатқан жұмыстар:

• Жол және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында аудан бойынша 20 дана бейнебақылау камераларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, облыстық маңызы бар жолдарға «Сергек» бейнебақылау камераларын орнату жөнінде ұсыныстар берілуде. 

• «Жарық жол» мекемесі тарапынан Қорған елді мекеніндегі орталық жолдағы шұңқырлар толтырылды. 

• Шұбарағаш елді мекенінің жолы бойындағы көпірдің құрылыс материалдары ол арқылы өтетін көліктердің жүру қарқындылығы жарамды екені анықталды. 2023 жылы көпірдің жағдайына техникалық сараптама жасалады. 

• Шатыртөбе елді мекенінің Тамшылы көшесіне орта жөндеу жұмыстарын жүргізу 2024 жылға жоспарланған.

• Қайнар елді мекеніндегі жаңа мектепке баратын жолға асфальт төселіп, мектептің су есептегіші мен құбырындағы ақаулар ретке келтірілді. 

-Жаңа форматтағы кездесу тәртібіне сәйкес, тұрғындарды ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының 9 айлық көрсеткіштерін таныстырып, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың Жолдауында көрсетілген бағыттарды түсіндірдім. Кездесу барысында тұрғындардың ұсыныс-пікірлері, өтініштерін назарға алып, маңызды мәселелер талқыланып, халықтың көкейінде жүрген сұрақтарына жауап бердім,-дейді аудан басшысы.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер