Күн тәртібінде- жастар мәселесі

57.jpg

Түркістан қалалық әкімдігінде Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы "Қоғамдық келісім" КММ-нің басшысының орынбасары Баетов Ерназар Көпжасарұлы, облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Садықова Ардақ Мәдіханқызы, облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Байсариев Ғани Оңалбекұлы және бас маманы Әсілбек Жандос Манарбекұлы, облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасының кәсіпкерлің басшы орынбасары Көшкінбай Самат Жандарұлы, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, облыстық мәдениет басқармаларының өкілдері мен облыстық, қалалық Жастар ресурстық орталығының жастары мен, студент жастардың қатысуымен жиын өтті.

Жиын барысында бірқатар мазмұнды сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар берілді. 

Атап айтсақ:

- Сырттай оқу білім жүйесі қашан ашылады?

- Қазіргі таңда қаламыздағы жастар арасында (құрлысшы, дәнекерлеуші, механик, электрик, сәулетші, инженер т/б) елеусіз болып қалған мамандықтарын оқуға немесе сол мамандықтарды игеруге жастардың құлшынысын қалай арттыруға болады? Бұл саладағы мамандардың жетіспеуі жалақыға байланысты ма?

- Биылғы 1 қыркүйектегі ҚР Президентінің жолдауындағы 2.3% пайыздық несие туралы және оның тиімділігі мен бағыты қандай болмақ? 

- ҰБТ тапсырмай, шетелдік университеттерге грантқа оқуға түсу мүмкіншіліктер мен ғылыми ағартушылық жұмыстар түсіндірме жұмыстары қаншалықты деңгейде өтуде?

- Жастар арасында кәсіпкерлікпен айналысу үшін мемлекет тарапынан қандай қолдаулар көрсетілуде?

- Мектепті бітіруші түлектерге профорентациялық кеңес беру жұмыстарының деңгейі қалай жүргізіледі? Неге көптеген мектеп бітіруші түлектер өздері қаламаған мамандықты оқуға мәжбүр?

- Жоғары оқу орнынан кейін жастар өз мамандығымен қаншалықты жұмысқа орналасып жатыр? Бұл мәселе бойынша қазіргі жастар арасындағы жұмыссыздықты жоюдың бірден-бір себебі болып табыла алады ма? 

- Алдағы уақытта діни сауаттылықты арттыруға көбірек көңіл бөлінсе. Дінге енді ғана бет бұрған жастар дін саласын дұрыс түсінбегендіктен басқа ағымның жетегінде кетпеудің қандай тиімді жолдары бар? - деген мазмұнды сұрақтарға тиісті сала мамандарынан тұшымды жауаптар мен шешілу жолдары бойынша кеңестер беріліп, жастардың ұсыныс пікірлері назарға алынды.

Жиынды қорытындылаған модератор Ерназар Көпжасарұлы аудан, қалаларда жастарға білім беру, жұмысқа орналасу және кәсіпкерлік мәселелері бойынша ақпарат және кеңес беру жұмыстары жалғаcатынын жеткізді.

Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметі. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер