Теңгенің туған күні тойланды

21.jpg

Түркістан облысы Жетісай ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ұлттық валютамыз айналымға енгізілген күннің мән-мағынасын айшықтаған мерекелік жиын болып өтті. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Теңгенің 29 жылдық туған күніне орай өткен басқосуға аудан әкімі Мұрат Қадырбек пен «Amanat» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Әділхан Асауов, аудандық мәслихат депутаттары Марат Қалдыбаев пен Асқар Қайназаров, аудан әкімінің орынбасарлары, үздік экономистер мен есепшілер, қаржыгерлер қатысты.

«15 қараша – Ұлттық валюта күні және еліміздегі қаржыгерлер қауымының кәсіби мерекесі екені белгілі.

Теңге – еліміздің қаржылық тәуелсіздігінің символы. Төл валютамыз дамудың жаңа деңгейіне жол ашып, жаңа нарықтық экономиканың құрылымдарын қалыптастыруды қамтамасыз ете алды. Төл валютамыз ғана тәуелсіз экономикалық және қаржы-несиелік саясатты жүзеге асыруымызға, нақты экономикалық егемендікке қол жеткізуімізге мүмкіндік туғызды» деген аудан басшысы бірқатар азаматтарға облыстық және аудандық деңгейдегі марапаттарды табыс етті.

Аудан басшысынан соң сөз алған «Amanat» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Әділхан Асауов пен аудандық мәслихат депутаты Марат Қалдыбаев қаржыгерлерді партия мен аудандық мәслихат атынан құттықтап, алғыс хаттармен марапаттады.

Айта кетейік, 1992 жылдың 27 тамызы күні Ұлттық банк теңге купюрасының үлгілерін бекітті. Ертесіне қазақ валютасын өмірге келтірген суретшілер Тимур Сүлейменов, Меңдібай Алин, Ағымсалы Дүзелханов, Қайролла Әбжәлеловтер Англияға аттанды. Теңге Ұлыбританияда басылып шықты. 

1993 жылдың 12 қарашасы күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Дәл осы жылы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге айналысқа енгізілген болатын.

Салтанатты іс-шара барысында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары әннен шашу шашып, көпшілікке мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер