Шардараның әкімі төрт ауылдық тұрғындарымен кездесті

23.jpg

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру аясында Шардара ауданының әкімі Қайрат Жолдыбай 2022 жылғы 9 айда атқарылған жұмыстар бойынша есебін бастады. Кездесу Достық, Ақшеңгелді, Сүткент және Қызылқұм ауылдық округтерінде өтіп, халықпен ортақ кездесу диалог өтті. Бұл туралы Шардара ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Аудан басшысы аудан бойынша 9 айда атқарылған жұмыстарға тоқталып, кездесу өткен төрт ауылда алдағы уақытта жүзеге асатын жұмыстарды атап өтті. 

– Біздің мақсатымыз – Сіздермен еркін пікір алмасып, маңызды мәселелерді талқылау. Себебі ауылдардағы проблемаларын сіздер жақсы білесіздер. Ауданды, ауылдарды дамыту жұмыстары жаңа қарқынмен жалғасын табатын болады.Алдағы уақытта ауылдық округтерді абаттандыру, жарықтандыру, жол салу, жаңа инфрақұрылымтарту жұмыстары қарқынды жалғасатын болады. Сондай-ақ, сұрақ, арыз- шағым, өтініштер қабылданады. Біз үшін әрбір тұрғынның мәселесі маңызды, – деді Қайрат Жолдыбай. 

Есеп барысында қосымша спорт зал салу, ауыз су торабын қайта күрделі жөндеуден өткізу, ПУИД бағдарламасы арқылы ағын су қашыртқыларын тазалау, жер мәселесі, қосымша жол белгілерін қою, Сүткент ауылының емханасына қосымша ғимарат қосу, интернет сапасын жақсарту, газ пештерінің мәселесі, Қызылқұм ауылындағы мақта зауытының мәселесі, ішкі ағын су арықтарының құрылыс сапасын бақылау және өзге де әлеуметтік мәселелер көтеріліп, шешу жолдары талқыланды. 

Сонымен қатар кездесулерден соң тұрғындарға жеке қабылдау өткізіліп, мәселелерін шешу жолдары қарастырылып, қосымша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 

Айта кетсек, 2022 жылдың 9 айында 40 975,2 млн.теңгенің ауылшаруашылығы өнімі өндіріліп, НКИ 95,8 құрады. Облыстық статистика департаментінің мәліметіне сәйкес, егін шаруашылығы 

33 317,2 млн.теңгеге, НКИ 95,2%, мал шаруашылығы 7 484,3 млн. теңгеге, НКИ 98,2% орындалған.

Өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда ауылшаруашылығы өнімінің нақты көлем индексі 4,7 пайызға төмендегенімен ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 10 180,3 млн теңгеге, яғни 33,0 пайызға артқан. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер