Түркістан облысы Сайрам ауданының әкімі Ұ.Сәдібековтың төрағалығымен аудан әкімдігінің аппаратық мәжілісі өтіп, онда бірқатар өзекті мәселелер қаралды.
Мәжілісті бастамас бұрын аудан басшысы Тынымбаева Гүлнара Тұңғышбекқызының аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметіндегі атқарып келген жемісті еңбегін атап өтіп, Сайрам ауданының әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалғанын таныстырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Күн тәртібінде салық түрлерінің түсімдері, ауыз су тұтынушыларының берешек қарыздары және Сайрам ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының 10 ай қортындысымен атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері қаралды.
Аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Т.Алиев жергілікті бюджеттің түсімдерін ұлғайту және қосымша кіріс көздерін анықтау бойынша 9 айдың қортындысымен жергілікті бюджеттің жоспарына тоқталды. Жоспар бойынша 8081098,0 мың теңге, оның орындалуы 719441,0 мың теңге немесе 138 %-ға орындалған. Түсімдер бойынша 8800539,0 мың теңгені құрайды. 2022 жылғы аудан бюджетінің өзіндік кірістер жоспары 4156,6 млн. теңгеге бекітіліп, жыл барысында кірістер жоспары 641,6 млн. теңгеге ұлғайтылып, 1 қарашадағы нақтыланған жоспар 4798,2 млн. теңгені құрап отыр. Аталған жоспар 4410,4 млн. теңге немесе 92,0 %-ға орындалды. Басшы берген мәліметінде алдағы болжамды жоспар мен күтілетін нәтижесін қамтыды. Жергілікті бюджет түсімінің 55 пайызын бюджеттік мекемелерден түскен табыс салығы мен әлеуметтік салық сомасынан құрады.
Биылғы жылдан бастап Қазақстан республикасы Бюджет кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, «Бірыңғай жер салығы», «жер телімдерін пайдаланғаны үшін төлем», «Жер телімдерін сатудан түсетін түсімдер» ауылдық округтерінің бюджетіне кірістерінің құрамына енгізілді.
Ауданда аудан әкімінің өкіміне сәйкес, жұмыс тобымен бекітілген атқарылатын жұмыстар алгоритмі негізінде мекемелер тиісті мәліметтерін басқармаға жолдап, оған талдау жүргізіліп, кіріс көздерінің ұлғайту бойынша тоқсан сайын аудан әкімдігіне ұсынылуда. Ауылдық округтердің өз қажеттеліктерін қаржыландыру мақсатында қосымша кіріс көздерін анықтап, өзіндік ікірістерін ұлғайту бойынша тиісті жұмысты атқарып, бекітілген кіріс жоспарын қосымша салық базаларына сәйкес қосымша 10-30 пайызға жеткізу мақсат етілген.
Одан бөлек, ауылдық округтерінің әкімдері жеке тұлғалардың жер, мүлік және көлік салықтарын жинау барысында олардан салық түрлерінен берешек қарыздарын өндіруді қолға алуларын тілге тиек етті.
Келесі кезекте «Сайрам тазалық» ЖШС-нің директоры Ж.Матов 9-15 қараша аралығында 69 млн. теңгеден аса қарыздың 17 млн. теңге көлемінде төлем қабылданып, бұл бағытта ауылдық округтерінің әкімдерімен тығыз байланыста жұмыс жүргізіліп жатқанын баяндады.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша Сайрам ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының директоры ауданға «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобасын іске асыруға жалпы 1 870 222,0 мың теңге бөлініп, 10 айдың қортындысымен 1 309 387,0 мың теңге қаражат игерілді немесе 70 пайызға орындалды.
Нәтижелі жұмыстардың арқасында жыл қортындысымен бөлінген қаржыларды игеру 100 % орындалады деп күтілуде.
Аталған Ұлттық жобаны іске асыру жоспарына сәйкес 5370 азаматты бағдарламаның белсенді іс-шараларымен қамтамасыз ету көзделген. Бүгінгі күнге жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 9486 азамат қатысып, жоспар көрсеткіші 176 пайызға орындалды.
9 айдың қортындысымен субсидияланатын жұмыс орындарын аяқтаған 725 азаматтың 47-сі тұрақты жұмыспен қамтылып, орындалуы 6,6 % құраған болатын.
Қазіргі таңда 889 азамат бағдарламаны аяқтап, оның ішінде 206-сы тұрақты жұмыспен қамтылды немесе 23 пайызға орындалды.
Ұлттық жобалар аясында аудан аумағында 14 жобаны іске асыру барысында, 235 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланса, бүгінгі таңда жобалардың барлығы басталып, 236 жаңа жұмыс орны ашылды. Жұмыссыздар қатарында тұрған 236 азамат жұмыспен қамтылды.
Мемлекет басшысының 10 мың тұрғынға 100 тұрақты жұмыс орнын ашу туралы тапсырмасына сәйкес, ауданда 1160 жаңа жұмыс орнын ашу міндеттелсе, 1419 жұмыс орны ашылып, жоспар артығымен орындалды.
Сайрам ауданы бойынша денсаулық сақтау мекемелерінің «Бекітілген халық тіркелімі» ақпараттық жүйесіне тіркелген халық саны 236 093 адамды құрайды. Оның ішінде 187189-і сақтандырылған, яғни 79,2 пайызы сақтандыру жүйесіне қатысып отыр.
Қазіргі таңда сақтандырылмаған 48231 азаматтың санаттарын анықтап, өзектендіру жұмыстары жүргізілуде. Үйме-үй зерделеу барысында анықталған 39731 өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматқа түсіндіру жұмыстарын өткізіп, бірыңғай жиынтық төлем төлету шараларының нәтижесінде 27575 азамат сақтандырылды.
Бұдан басқа, орталықтың басшысы ұсыныстарын назарға салды. Олар 2023 жылға ауыл округі әкімдіктері мен дербес бөлімдер қоғамдық жұмыс орындарына қабылданған азаматтардың мерзімі аяқталған соң, кемінде 55 % тұрақты жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету; ауыл округі әкімдері МӘМС жүйесіне тұрғындардың қатысуына түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, сақтандырылған азаматтардың үлесін 84 % жеткізуді жүзеге асыру.
Күн тәртібіндегі мәселелер талқыланған соң, сала басшылары мен ауылдық округтерінің әкімдеріне жұмысты ширату тапсырылды.
Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі