«Отбасыңмен он тал ек» шарасы басталады

33.jpg

Түркістанда 19 қараша күні сағ 10:00-де «Отбасыңмен он тал ек» эко-акциясы басталады. Облыс орталығында акция аясында алты секторда ағаштар отырғызу жоспарлануда. Эко-челлендж барысында «Яссы», «Бекзат», «Бірлік», «Сауран», «Шауғар», «Отырар» секторларында өтпек. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.  

Атап айтсақ, Тұран ауылы, Барақ сұлтан көшесі бойындағы балалар ойын алаңшасы, Оралман ауылы, І.Қожабаев көшесі мен Т.Бокин көшесіндегі екі қабатты үйлердің ауласы, Отарбаев көшесі, Орынбетов көшесі, Түркістан қалалық балалар ауруханасы, «Ақ жайық» музыкалық мектебі, Түркістан қаласы №1 қалалық емханасы мен «Денсаулық» саябағы, Оқушылар сарайы, А. Байтұрсынов атындағы №1 мектеп лицейі, «Отырар» шағынауданындағы көпқабатты үйлер ауласында және басқа да аумақтарда ағаш егу жұмыстары ұйымдастырылады. 

– Былтыр бастау алған акция ұрпақтар сабақтастығын нығайту, қоршаған ортаны қорғауда ұжымдық жауапкершілік қалыптастыру, тұрғындарды табиғатты қорғауға ынталандыруға серпін берді. Акция жас ұрпақ арасында салауатты өмір салты мен ерік-жігерді шыңдау мақсатында биыл да ұйымдастырылуда, – дейді шараны ұйымдастырушылар.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер