Сайлауға дайындық тексерілді

43 (2).jpg

Қазақстан Республикасының кезектен тыс президент сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасында өтеді. 

Қазіргі таңда сайлауға 10101 учаске әзірленді, оның ішінде 53 елде 68 сайлау учаскесі құрылды. Ел бойынша сайлауға барлығы 10 101 учаске іске қосылады, сайлаушылар тізіміне 11950 485 азамат енгізілді. 4 қарашадан бастап ел тұрғындарына өздерін тізімнен тексеруге мүмкіндік берілді. Учаскелік комиссиялар өз өкілеттіктері бойынша тізімдердегі қателер мен дәлсіздіктер туралы өтініштерді қарайды, оларға тиісті өзгерістер енгізу мәселелерін шешеді. 

Осыған байланысты Түркістан қаласы көлемінде «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының қызметкерлері кезектен тыс президент сайлауында 5 сайлау учаскесінде

мекен-жайлары бойынша мәселе туындаған азаматтардың тіркеу алгоритмі негізінде қызмет көрсетпек. Онда сайлаушылар корпорацияның мамандарынан мәселелері бойынша төменде көрсетілген қызметтерді ала алады. Атап өтетін болсақ, тұрғылықты мекен-жайлары бойынша мәселе туындаған жағдайда немесе осы бағыттағы сұрақтарға, әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұрғылықты жері бойынша азамат тіркелмеген жағдайда, азаматтың республика шегінде тұрақты тіркеуі болмаған жағдайда ғимарат немесе үй-жай иесінің өтініші негізінде тұрақты тіркеуді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкерлері арқылы жүзеге асырады.

Жоғарыда көрсетілген қызметтерді мына мекен-жайлар бойынша алуға болады. 

1. С.Қожанов көшесі, №42 

Медицина колледжі;

2. Н. Төреқұлов № 1А, 

№3 Әмір Темір атындағы ЖОМ;

3. Сандыбаев көшесі, №65

№18 Ж.Еділбаев атындағы ЖОМ;

4. Шойынбет би көшесі, №9

№23 Ж.Тәшенов атындағы ЖОМ;

5. Сығанақ көшесі, №2А

№27 Ө.Жәнібеков атындағы ЖОМ;

Бүгін мамандар осы сайлау учаскелерінде болып, тиісті жабдықтармен қамтамасыз етілгендігіне көз жеткізді. Сайлау науқанында аталмыш мәселелерге тап болсаңыз, осы мекен-жайда орналасқан корпорацияның мамандарының көмегіне жүгіне аласыз.

Түркістан облысы әкімнің баспасөз қызметі


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер