Эко-акция 25 қарашаға дейін жалғасады

46 (2).jpg

Түркістандықтар жасыл желектің жайқалуына отбасымен үлес қосуда. Қала тұрғындары сенбілікке шығып, ағаш отырғызды. 

Науқанға қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков және де ардагерлер кеңесінің мүшелері де қатысты. 

Түркістан облысы әкімі  баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұрпақтар сабақтастығын нығайту, қоршаған ортаны қорғауда ұжымдық жауапкершілік қалыптастыру, тұрғындарды ағаш егуге жұмылдыру арқылы табиғатты қорғауға ынталандыру, жас ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған шараға түркістандық тұрғындар белсенділікпен атсалысуда. 

Эко-акция аясында «Яссы», «Отырар», 1,2 мөлтек аудандарында, «Денсаулық» саябағында, Кентау тас жолында және балабақша, мектеп аулаларында 57732 түп қарағаш, үйеңкі, тұя, өрік, қарағай көшеттері отырғызылды. 

Еске сала кетейік, шаһарды көркейту және көгалдандыру бағытында ұйымдастырылған акция 25 қарашаға дейін жалғасады. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер