Түркістан облысы Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібековтың бастамасымен Ақбұлақ ауылдық округінде ағымдағы жылдың 21-26 қараша аралығында «Ауыл - ел тірегі» жобасы аясында онкүндіктің кезекті іс-шарасы өтетін болады. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ауылдық округінің әкімшілігіне жиналған тұрғындарға алдымен аудан әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімшесінің басшысы Мәди Нұрлыбаев дербес бөлімдер тарапынан атқарылатын жұмыстардың жоспарын таныстырды.
Салаларда атқарылатын жұмыстардың ішінде Ақбұлақ ауылдық округінде бос жатқан жайылымдық жерлерді ауыл тұрғындарының малын жаю үшін әкімшілікке табыстау, көкпар алаңшасының құжаттарын рәсімдеу, ауылдың кіреберістеріне белгінің эскиздік жобасымен, сметалық құнын әзірлеу; ауылдық мәдениет үйі, кітапхана және спорттық үйірмелер ғимаратының құрылысы нысанын жоспарланған мерзімде іске асыру үшін құрылыс жұмыстарының сапасын бақылау, «Сауатты жарнама – тіл тазалығының айнасы» акциясы аясында көшелер бойында орналасқан кәсіпкерлік нысандардың көрнекі ақпарат құралдарының қатесіз жазылуына зерделеу, шаруашылықтарға мемлекеттік қолдаулар мен несие алу жолдарын түсіндіру, әлеуметтік сала бойынша үш бағытта жұмыс жасау; бюджетке қатысты проблемалық мәселелерді анықтау және шешу жолдарын қарастыру, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен даму басымдықтарын негізге ала отырып, округтің 2022-2024 жылдарға арналған даму жоспарын әзірлеу мәселелері қамтылған.
Екінші кезекте ауылдық округінің әкімі Мұрат Оразбаев 13 іс-шараның жоспарына нақты тоқталды.
Атап айтқанда,
Ә.Құрмантаев көшесі бойына отырғызылған ағаш көшеттерін жаңарту және қоршауларын және елді мекендегі аялдамаларды ретке келтіру,
Абай көшесінің 2 тұрғын үйдің есік алдына тас төсеу,
Ақсу-1, Ақсу-2, Түркістан, Сәбденов, Сауран, Ташимов көшелеріне түнгі жарық шамдарымен қамтамасыз етіп, іске қосу;
Сауран, Ақсу, Яссы, Ташимов көшелерінің тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында су ұңғысын орнату,
Д.Қонаев көшесінде ескірген электр бағанасын ауыстыру және Рәсіл ата көшесіндегі электр бағаналарын ретке келтіріп, электр желілерін тарту,
ауылдық кітапханамен А.Байтұрсыновтың өлеңдерін мәнерлеп оқуға арналған іс-шараны өткізу,
жасөспірімдер арасында кіші футболдан жарыс ұйымдастыру;
Ақбұлақ ауылы арқылы өтетін облыстық маңызы бар Д.Қонаев көшесінің бойына билборд орнату, ауыл аумағында үгіт-насихат құралдарын жаңарту, барлық арық-атызды тазарту, «Қамқорлық» бағдарламасы аясында 4 отбасыны қатты отынмен қамту, ауыл ардагерлерін Түркістан қаласының мәдени орындарына саяхатын ұйымдастыру.
Жергілікті тұрғындарға барлық бекітілген іс-шаралардың орындалуы әлеуметтік желілерде жарияланып отыратыны, сонымен қатар жоспарларға қосымша ұсыныстарды енгізуге болатыны, тиісті басшылардың қатысуымен жеке қабылдаулар өтетіні жайлы түсіндірілді.
Алдағы уақытта ауылдың игілігі үшін ұйымдастырылып, өтетін шаралар халықтың белсенділігімен асар және қайырымдылық жолымен жүзеге асыру жоспарланып отыр.
Жиында аталған іс-шаралар бойынша маңызды ой-пікірлер айтылды.