Сайрам ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды оқытып, жұмысқа орналастыру мақсатында 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында 77 азаматты кәсіптік оқытуды жоспарланған. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Осы бағытта аудандық бюджеттен 9882 мың теңге қаржы қарастырылған. 1 айда 1 азаматқа шәкіртақысын 21787 теңге, оқу ақысын 39317,8 теңге және медициналық сақтандыру қорына 6126 теңге кететін шығындарын есепке алғанда, жалпы 67230,8 теңге қаржыландыруда. Орталық тарапынан 17 адам аспаз, 17 адам автоэлектрик, 20 адам шаштарыз, 23 адам тігінші мамандықтарына жолданылған.
Жұмыс берушінің сұранысына сәйкес, биыл 4 мамандық бойынша «DeLux group Co», «Recomp» және «Юг Сити Victor» оқу ұйымдарында оқыту курстары жүргізілуде.
Соның бірі Ақсукент ауылының орталығына қарасты «Вeauty hool salon» әсемдік салонында «Recomp» оқу орталығында аудан әкімі болып, 20 азаматшаны шаштараз мамандығына оқыту жұмыстарымен танысты.
Осы орайда, аудан әкімі Ұласбек Сәдібеков жаңа кәсіпті меңгеріп жатқан ауыл тұрғындарының жағдайымен танысып, бағдарламаның тиімділігі мен таңдаған мамандықтары жайында сұхбаттасты.
Аудан басшысы әлеуметтік саладағы жұмыстарға оң бағасын беріп, жұмыссыз азаматтар үшін көрсетіліп отырған мемлекеттік қолдаудың маңыздылығына тоқталып, оаларды алдағы уақытта тұрақты жұмыспен қамту мәселесіне назар аударудың қажеттілігін айтты.
Өз кезегінде тәжірибе жинақтап отырған жергіліктілер өз алғыстарын білдірді.