Әкім тапсырды, полиция іске кірісті

85.jpg

Сайрам ауданының әкімі Ұласбек  Сәдібековтің қоғамда тәртіп орнату, жол қозғалысын реттеу, құқықбұзушылықтың алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру туралы берген тапсырмасын жергілікті полиция басқармасы бақылауына алды. Бұл туралы Сайрам ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Осыған орай, аудан аумағында, әсіресе Ақсукент ауылдық округінде күнделікті рейдтік іс-шаралар өткізіліп, аудан орталығында заңсыз тасымал, заңсыз автотұрақты жою жұмыстары атқарылуда. 

Мұнан бөлек, Ақсукент ауылында жолдарға жүргізіліп жатқан күрделі жұмыстар көлік кептелесін алып келіп, қолайсыз жағдай туғызуда. Өз кезегінде белгіленбеген жерлерде және жолдың тыйым салынған бөлігінде автокөлігін қойған жүргізушілер жол қозғалысы мен жаяу жүргіншілерге қауіп төндіруде.

Осы жағдайларды ескере отырып, аталған басқарма бастығының бірінші орынбасары, полиция подполковнигі А.Сейтбековтің өзі бастап, патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен бірге жолдарда тұрғындарға ҚР ӘҚБтК-нің 597 және 615-баптарының талаптарын, жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы 2 АЕК бастап 20 АЕК аралығындағы және көлік құралдарының тоқтап тұру қағидаларын бұзу 2 АЕК бастап 20 АЕК мөлшерінде айыппұл төлеуге алып келетініні туралы ескерту, түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда. 


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер