Талаптыда амбулатория салынуда

93.jpg

Отырар  ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов Қоғам, Қарғалы, Отырар Талапты ауыл округтерінің тұрғындарымен кездесіп, өтініштерін тыңдады. Бұл туралы Отырар ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Аудан әкімі алдымен Қоғам ауылына барып тұрғындарға бұған дейінгі кездесулерде көтерілген мәселелердің орындалу барысымен таныстырды. Айта кету керек мамыр, тамыз айларында өткен жиындарда тұрғындар тарапынан 20 мәселе көтеріліп, оның ішінде 7 мәселе оң шешімін тапқан болатын. Ал қалған мәселелер аудан әкімінің бақылауына алынған. Мәселен Қоғам ауылының тұрғыны Қоғам ауылындағы Бескепе көшесіне тас жол төселсе деген ұсынысын жеткізген болатын. Аталған мәселе бойынша тиісті жұмыстар атқарылып, жергілікті 4-ші бюджет есебінен тиісті қаржы қаралып, аталған көшеге (ұзындығы 510 метр) тас жол төселді. Сондай-ақ, тұрғындардың өтінішімен Талапты елдімекенінде ауылдық дәрігерлік амбулатория құрылысына облыстық бюджеттен қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы нәтижесімен жеңімпаз анықталып, құрылыс жұмыстары басталып кетті. Нысан 2023 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде.

Мұнан бөлек Қарғалы, Отырар ауыл округі бойынша да атқарылған жұмыстар аз емес. Аталған ауылдардағы өзекті мәселелердің бірі ағын судың жетіспеушілігі болатын. Осыған орай Д.Алтынбеков каналының ПК194+42-ден ПК205-15 аралығында канал ұлтаны 47 см-ге төмендету жұмыс жобасы толық аяқталды. Сонымен қатар Қызыл ту насос станциясындағы 7 дана «СНП-500» электр насостары күрделі жөндеуден өткізіліп, іске қосылды. Орнатылған насостар арқылы Арыс өзенінен 1,8м3/сек су шығарылып, егістік алқаптары ағын сумен қамтылды. 

Талапты ауыл округінде өткен кездесуде ауыл тұрғыны Орынбасар Досов Сарыкөл елдімекеніндегі Ш.Қалдаяқов көшесіне аяқжол салынып, жарықтандырылса деген өтінішін айтқан болатын. Аталған мәселе бойынша көшені жарықтандыру үшін жобалық сметалық құжаттамасы дайындалды. Бұл нысан бойынша 2023 жылғы аудандық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асыру жоспарланып отыр. Ынталы ауылынан балабақша жайын салу мәселесі бойынша да жергілікті кәсіпкермен келісім жасалып, 100 орындық балаға арналған балабақша жайының құжаттары заңдастырылуда.

Аудан басшысының ауыл тұрғындарымен кездесуі барысында көпшілік тарапынан қойылған өзге де сауалдарға тұщымды жауаптар беріліп, кейбір мәселелер бойынша жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді. Сәкен Асылханұлы әрбір жиында көтерілген мәселелер өзінің тікелей бақылауында болатынын айтып ескертті.

Кездесуге келген халық аудандағы барлық ауыл округтерін аралап, халықпен кездесіп, көтерген мәселелерін тыңдап, олардың оң шешімін табуы үшін жұмыстанып жатқан аудан әкіміне ризашылығын білдіріп, алғысын айтса, ауыл қариялары елдің амандығын, ынтымақ-бірлігін тілеп, ақ баталарын берді.

Жиыннан соң аудан әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, талап-тілектері мен өтініштерін тыңдады.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер