"Ұлттың денсаулығын қамтамасыз ету" тақырыбында кездесу өтті

Screenshot_14.jpg

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жолдауы аясында Түркістан қаласы " Санитас" емханасында Ұлттың денсаулығын қамтамасыз ету тақырыбында кездесу шарасы болып өтті.

Шараға Түркістан қалалық маслихат депутаты, Түркістан қалалық "Аманат" партиясы филиалының хатшысы Ғ.Сәрсенбаев және маслихат хатшысы С.Арыстанов қатысты.

Кездесу барысында кез келген елдің жоғары деңгейде өркендеп дамуының басты алғышарттарының бірі – халқының мықты денсаулығы ененін атап өтті. Міне, Қазақстанның денсаулық сақтау саласының халықаралық стандарттарға сай болуына, инновациялық технологиялардың емдеу орталықтарында кеңінен қолданысқа енгізілуіне және денсаулық сақтау мекемелерінің білікті мамандармен қамтамасыз етілуде.

Мемлекет басшысының ұлт денсаулығын жақсарту мақсатындағы шынайы қамқорлықпен іс жүзіне асырып жатқан кешенді бастамалары өз жемісін беруде. Соның ішінде айталық бүгінгі таңда елімізде халықтың орташа өмір сүру ұзақтығы бірнеше жасқа ұлғайған. Бұл да медицинаның сапалы қызметке көшкенінінң айқын дәлелі болса, бір жағынан мемлекеттік түрлі бағдарламалардың қабылдануы нәтижесінде қолға алынған салауатты Қазақстан жобасынынң осы кезге шейінгі берген жемісінің нәтижесі деп ұққан жөн. Сонымен бірге елімізде медицина сапасының артуының нәтижесінде бүгінгі таңда ана мен бала өлімі күрт азайған. Керісінше соңғы статистикалық деректер бала туу санынынң соңғы жылдары бірнеше есеге өскенін көрсетеді. Бұл Қазақстанның демографиялық ахуалын жақсарту үшін өте жақсы құбылыс. Елімізде халық саны артса, экономикалық белсенділік те соғұрлым жеделдей түседі. Сондықтан да медицина саласының өркендеуі халық саулығы мен әлеуметік жағдайы үшін өте маңызды рөл ойнайды.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер