"Отбасы құндылығының мәні" тақырыбында пікірсайыс өтті

Screenshot_16.jpg

Отбасы - әр қоғамның негізі. Алғашқы адамгершілік, жеке және әлеуметтік құндылықтар үйде ата-аналардың балаларына беретін және өз кезегінде оларды атасы, әжесі, аға-інілері, және басқа туыстары немесе жақындары үйреткен ілім арқылы үйренеді.

Осы орайда, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының грантын пайдалана отырып, Проблемалық аймақтарды , "Шиеленіс нүктелерін" және қоғамдық кеңістікті қоса алғанда, елді мекендердің азаматтық кеңістігін құрастыру бойынша "Хакатон" пікірталас іс шарасы қаладағы М.Жұмабаев атындағы мектеп гимназиясында психолог және социологтардың қатысуымен өткізілді.

Жиын барысында қызметкерлер арасында 

отбасыларда олардың негізінде анықталған құндылықтар болуы маңыздылығын, 

үнемі құндылықтарға ие болу - бұл отбасын құрудың, оның бірлігі мен барлық мүшелері арасындағы сенімділіктің бөлігі екендігі жайлы пікірсайыс жоғары деңгейде болып өтті.

Отбасы беріктігі қоғамдағы ең басты да қастерлі құндылық болып саналады. Отан отбасыдан басталады демекші, отбасы үлкен омартаның ұяшықтары секілді. Сол ұяшықтардың бұзылуы тұтас омартаның құруына алып келеді. Сол секілді мемлекет те отбасы институттарынан құралады. Егер отбасыда кикілжің туындап оның соңы отасының тарауына алып келсе, демек одан тек қана оның мүшелері ғана емес, тұтастай мемлекет де зиян көреді. Себебі толық емес отбасыға төленетін жәрдемақылар мемлекет қазынан жұмсалады. Ал бұл елдің қазынасына қосымша күш. Сонымен бірге ертеңгі күні мұндай артылай отбасыдан өсіп-өнген балалар да өздерін толық адам ретінде сезінбеуі мүмкін. Тіпті ондай ортадан шыққан бала бұзақылыққа және басқа да жағымсыз қылықтарға әуес келеді. Сол үшін де қоғамның басты құндылығын сақтау ол тек мемлекеттің ғана емес, әрбір саналы азаматтың міндеті болуы тиіс.  

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер