Колледждің тыныс-тіршілігімен танысты

Screenshot_4.jpgАғымдағы жылдың 21-қарашасында Түркістан облысындағы арнаулы оқу ордасы Оңтүстік Қазақстан индустриялды-инновациялық колледжіне Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы, Сайрам ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты 74 жалпы орта мектебі 

коммуналдық мемлекеттік мекемесі 9-сынып оқушыларымен келіп, толық колледж базасымен, оқу орнының тарихымен танысты.

Іс-шараның негізгі ортақ жоспардағы тақырыбы:

''КӘСІПТІК БАҒДАР БЕРУДЕГІ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫМЕН ӘРІПТЕСТІК''

Іс-шараның негізгі мақсаты - мектеп қабырғасындағы білім алушы оқушыларға мамандық таңдауға және мамандықтың қыры мен сырын ұғынуға, жауапкершілікке баулу. Мамандықты дұрыс таңдай білуге бейімдеу. Мемлекеттің тегін кәсіптік біліміне қол жеткізу мүмкіндіктерін түсіндіру болды.

Іс-шара барысында колледждің парламенті және мәдениет фракциясы болашақ талапкер жастарға өз өнерлерін көрсетіп, әннен шашу шашып, мың бұралған бишілер билерін тарту етті.

Қос мекеменің басшылары колледж директоры және мектеп директорының бейіндік ісі жөніндегі орынбасары заңды түрде меморандумге қол қойып, қос тарап серіктес болып, жастарға сапалы білім мен саналы тәрбие және бәсекеге қабілетті маман иелерін даярлауға 

уағдаласып, келісімге келді.Қонақтарымыз колледж базасымен және Оңтүстік Қазақстан машина жасау өндірісі акционерлік қоғамының базасымен толық танысып, жастарға колледж базасы көңілдерінен шығып, алғыстарын, болашақта жақсы ынтымағы жарасқан серіктес болатындарын айрықша айтып, жылы лебізбен қоштасты.

Айта кету керек бүгінгі таңда колледжде студенттерге сапалы білім беріледі. Мұнда оқитын жастар бірнеше мамандық бойынша оқып, диплом алып шығады. Негізгі мамандықтар қатарына механизатор, фермер сынды ауыл шаруашылығына өте қажетті мамандықтар жатады. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер