«Ордабасы қауіпсіз аудан» бағдарламасы түсіндірілді

Screenshot_10.jpg

«Ордабасы қауіпсіз аудан» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралары аясында бүгін Жеңіс ауылдық округіндегі «Ө.Тұрманжанов», Бөген ауылдық округіндегі «Б.Кенжебаев», Қарақұм ауылдық округіндегі «Қарақұм» атындағы жалпы орта мектептерінің 9-11 сынып оқушыларымен (100-ге жуық) кездесу өткізілді.

Кездесу барысында аудан прокуроры К.Нәрікбаев бала құқығын сақтау, құқық бұзушылық профилактикасы мен қылмыстың алдын алу шараларын талқылады.

Сонымен қатар бұл кездесуге 21 мектеп мұғалімдері мен 18 ата-ана қатысты.

Бұған дейін мұндай іс-шара ауданның бірнеше ауылдық округтерінде өткізілген болатын.

 Жоғарыда айтылғандай, «Ордабасы қауіпсіз аудан» бағдарламасын іске асыру бағытында өткен жиында бала құқығын сақтау, болашақ мамандық таңдау сұрақтары, құқық бұзушылық профилактикасы мен қылмыстың алдын алу шаралары талқыланды.

9-11 сынып оқушылары прокурорға өздерін толғандырған сан түрлі сауал қойды. Олардың арасында кәмелетке толмай көлік жүргізу, түнгі уақытта көшеде серуендеу мен жұмыс істеу секілділері де болды.Түлектер кездесуде өз құқықтарымыз жайлы біраз ақпарат алып, үйренгеніміз көп болды дейді.

Ілкімді ісшарадаоқушыларға құқық бұзушылық профилактикасы бағытындағы видео ролик те көрсетілді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауындағы «орта білімнің сапасын арттыру мен 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасау» тапсырмасының маңыздылығы айтылды.

Кездесу барысында бала құқығын сақтау, болашақ мамандық таңдау сұрақтары, құқық бұзушылық профилактикасы мен қылмыстың алдын алу шаралары талқыланды.

Іс-шара барысында оқушыларға құқық бұзушылық профилактикасы бағытындағы видео ролик көрсетілді, олар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауап алды.

Еске салсақ, бұған дейін мұндай кездесу Қажымұқан ауылдық округінде өткізілген болатын.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер