Облыстық физика-математика олимпиадасы өтуде

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт ауданы, Атбұлақ ауылы, Ж.Қаппаров атындағы №5 мамандандырылған мектеп-интернат базасында «Жамбыл Қаппаров атындағы облыстық физика-математикалық олимпиадасы» өтуде.

Screenshot_4.jpg

Олимпиадаға 10-нан астам мамандандырылған білім беру ұйымдары және Кентау қаласы №3 Білім-инновация ер балалар лицей-интернатының 10-11 сынып оқушылары қатысуда.

Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілеттерін және физика-математика пәндеріне деген қызығушылығын анықтау және дамыту. Жалпы білім беретін мектепте ерекше дарынды балаларды анықтау үшін шығармашылық орта құру керек. Кез келген қоғамға дарынды адамдар қажет және қоғамның басты міндеті оларды анықтап, қабілеттерін дамыту. Алайда, өкінішке орай адамдардың барлығы бірдей өздерінің қабілеттерін өз беттерінше дамытуға дайын емес. Көбінесе бұл жағдай олардың отбасына және мектебіне тәуелді. Отбасының міндеті баланың қабілетін уақытылы көре білу, ал мектептің міндеті – балаға қолдау көрсетіп, оның қабілетін дамыту және оны іске асыруға жағдай жасау. Дәл осы мектеп жасындағы баланың өзіндік шығармашылық тұлғасының негізі қалануы керек. Оқу әрекетінің мұндай жүйесі дарынды балаларды озық ойлылыққа, жан-жақты салыстырушылыққа, қызығушылыққа тәрбиелеп, түрлі болжамдар жасай алуға үйретеді.

Байқауға қатысушылар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 99 бұйрығына сәйкес «Облыстық дарынды балаларды анықтау және қолдау орталығы» КММ-нің І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен, Нұрлан Қаппаров атындағы қоғамдық қорының демеушілігімен бағалы сыйлықтар және естелік медальдарымен марапатталады. Айта кетейік, олимпиадаға қатысушылар 7 балдық жүйемен бағаланады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер