Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы ұйымдастырған “Отаным жүрегімде” байқауының жеңімпаздарымен басқарма басшысы Дінислам Болатханұлы кездесіп, жеңістерімен құттықтады.
Жиынға патриоттық өлең оқып, отанға деген сүйіспеншілікті арттыруға үлес қосқан байқау жеңімпаздары мен басқарма мамандары қатысып, сұхбат жүргізді.
Кездесу барысында байқау жеңімпаздары басқарма басшысының Алғыс хатымен және ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Байқау жеңімпаздары:
Ж.Ташенов атындағы 23 IT мектеп-лицейінің 3 «Е» сынып оқушысы Данахан Оразәлі
Отырар ауданы, Шеңгелді шағын жинақты жалпы орта мектебінің 9 «А» сынып оқушысы Данияр Құрманғазыұлы
Түлкібас ауданы, Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Нұрхан Әзімхан
Түлкібас ауданы, П.Шевцов атындағы жалпы орта мектебінің ағылшын тілі пәні мұғалімі Айдана Жеңісқызы
Н.Оңдасынов атындағы Түркістан мамандандырылған мектеп-интернатының орыс тілі пәні мұғалімі – Ақмарал Атшабарова
Абай атындағы №31 жалпы орта мектебінің қазақ тілі әдебиеті пәнінің мұғалімі Айсұлу Ерғараева
Кездесу соңында ұлы дала елін сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елінің тарихын білуге атсалысқан барлық қатысушыға Д.Болатханұлы алғыс білдіріп, туған жердің патриоты болуға шақырды.
Бүгінгі күні балалардың патриоттық тәрбиесі патриоттық сананы, өз Отанына деген адалдық пен сүйіспеншілік сезімін қалыптастырады. Қазіргі заман талабында азаматтық борыш пен негізгі конституциялық міндеттерді орындауға деген дайындық талаптары көңіл толтырарлықтай болып отыр. Атқарылып отырған жұмыс еліміздің азаматтарының бойында патриоттық сананы қалыптастыру жөнінде стратегиялық міндеттерді толықтай орындалуға бағытталуда.