Әкім есебі Үшқайық ауылдық округінде жалғасын тапты

Сауран ауданының әкімі Ғани Рысбеков 2022 жылдың 9 айы бойынша атқарылған жұмыстарымен және алдағы уақытта жүзеге асырылатын жұмыс жоспарлары туралы бекітілген кестеге сәйкес, Үшқайық ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Screenshot_42.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін. Олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін» деп тапсырма берген болатын.

Үшқайық ауылдық округіне барған аудан әкімі Ғани Құрмашұлы аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарды баян етті. Сонымен қатар, бұған дейін үшінші тоқсанда өткен кездесу барысында тұрғындар тарапынан айтылған мәселелер бойынша атқарылған және атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Үшқайық ауылдық округіндегі бүгінгі басты мәселе ауыз су екенін, оның шешу жолдары туралы айтып өтті.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Атап айтсақ, ауылдық округтегі елді мекендердегі ауыз су, С.Қожанов елді мекеніне мектеп салу, көшелерді асфальттау, спорт алаңын салу, ауылға дәрігердің тапшы екенін, тағы да басқа көптеген өзекті мәселелерді алға тартты. Ауыл тұрғындарының мәселелерін тыңдаған аудан әкімі Ғ.Құрмашұлы барлық сұрақтарға нақты толымды жауап берді.

Сол күні аудан әкімі Оранғай жұртымен кездесіп, аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы және оның ішінде Оранғай ауылдық округі бойынша кеңінен тоқталып өтті. Бұған дейінгі өткен кездесулерде ауыл тұрғындары тарапынан көтерілген мәселелердің басым бөлігінің шешілгенін айтып, алдағы уақытта шешімін табатын мәселелерді тілге тиек етті.

Еркін форматта өткен кездесу барысында тұрғындар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылды. Атап айтсақ, Қошқорған елді мекеніне жарықтандыру мәселесі, ауылдық округте учаскелік полицейлердің тұрақтамайтынын, Бостандық елді мекеніндегі Мешіт көшесін асфальттау, көшелерге бейнекамера қою, жаяужүргінші жолын салу, трансформаторлар орнату, ауыз су сынды мәселелер көтерілді. Ауыл тұрғындарының көтерген мәселелері бойынша аудан әкімі Ғани Құрмашұлы заң аясында кезең-кезеңімен шешілетінін, бұл бойынша тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.

Кездесуден соң аудан әкімі жеке қабылдау өткізді. Жеке қабылдауға келген өтініштер бойынша аудан әкімі Ғани Құрмашұлы алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізілетінін, бұл бойынша жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырма беріп, алдағы уақытта шешілетінін жеткізді.


Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер