Әуе рейсі арқылы Араб мемлекеттерімен байланыс нығаяды

Screenshot_3.jpg

Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» әуежайынан «Түркістан-Эль-Кувейт» бағытында алғашқы жолаушылар сапарға шықты. 

Кувейт елінің астанасы Эль-Кувейт пен түркі әлемінің рухани орталығы Түркістан қаласы арасындағы тұрақты жолаушылар рейсі «Jazeera Airways» әуекомпаниясымен тасымалданады. 

Рейстер аптасына 2 рет сейсенбі және жексенбі күндері «Airbus-320» ұшағымен орындалады. Ұшу уақыты - 4-4,5 сағат. Билет құны 150 000 теңгеден басталады. Бұдан былай қажылыққа аттанатын отандастарымыз Түркістан қаласындағы Халықаралық әуежайдан ұшуына болады. 

Рейстер санының ұлғаюы және ұшу географиясының кеңеюі Қазақстан мен Кувейт арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық, мәдени және туристік өзара қарым-қатынастардың одан әрі дамуына ықпал етпек.

Жалпы осындай рейстер арқылы Түркістан қаласының туризмін дамытуға болады. Қалада халықаралық рейстер көбейгенде ғана шаһарға шетелден келетін туристер саны да артпақ. Олар қала қазынасының көбеюіне өз үлестерін қосады. Қалада туристер саны артып, қала гүлдене түседі. Әсіресе Араб мемлекеттерінен келетін туристерді көптеп тарту маңызды. Себебі Түркістанда Ислам дінін ұстаушылар қарасы көп. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Балалар бақыт табатын мекен
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Тұмса табиғатпен үндескен кешен
  • Лагерлердің дайындығын тексерді
  • «Робинзон» лагері қайта салынады
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер