Тексеру және әкімшілік іс жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін қабылданатын шаралар

Аудиторлық іс-шаралар (тексеру) басталар алдында Департамент қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау бойынша тұрақты негізде нұсқама жүргізіледі. Осы аталған іс-шаралар нәтижесінде қызметкерлер арасында  сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қалыптасуда.  

Мысалы жыл басында Департаменттің бас маман-мемлекеттік аудиторы Р.М. Койшыбаеваға тексеріс жүргізген мекеменің бас есепшісі Р.М. Койшыбаеваның kaspi gold картасына 50 000 теңге қаражат салып жіберген.  Р.М. Койшыбаева бірден Департамент басшысына хабарлап, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне бірден хабар беріліп және қаражат кері қайтарылды.  

Сондай-ақ БАҚ-та Департамент қызметінде сыбайлас жемқорлық көріністерінің фактілері туралы  жарияланымдар болған жоқ.

Департаменттің атына қылмыстық құқық бұзушылықтар мен басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарынан сот актілері, ұсынымдар түскен жоқ.

2023 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша жеке және заңды тұлғалардан азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасы Е-өтініш арқылы 599 өтініш келіп түсті. Оның 509 өтініш қаралып, өтініш берушілерге жауаптар берілді.

Департамент қызметкерлеріне мекемелерге тексеру жүргізуге кеткенде телефон арқылы қашықтықтан бақыланып отырады. 

Қорытындылай келе аудиторлық тексеріс жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері жоғары екені белгілі. Осы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету шараларының бірі мемлекеттік аудиторларға үстемақы қосып беру немесе жалақысын арттыру яғни қаржылай қолдау  сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге сеп болады. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер