Маңғыстау облысы бойынша ММ-не жүргізілген аудиторлық іс-шараның қорытындысы

Маңғыстау облысы бойынша «Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-не  жүргізілген аудиторлық іс-шараның қорытындысы

01.01.2021ж.- 20.09.2022 ж. аралығындағы қамтылған кезеңі бойынша  мемлекеттік аудитордың «Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ–не аудиторлық тексеру жүргізілді. Тексеру барысында  жалпы сомасы 3 670,0 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда

Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі №228-V «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңының 55-бабында «Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдіктер және азаматтығы жлқ адамдар,халықаралық спорттық жарыстарда спорт түрлері бойынша ҚазақстанРеспубликасының құрама командалары (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командалар) құрамында өнер көрсету құқығын қоспағанда, осы Заңда көзделген көлемде дене шынықтырумен және спортпен айналысу құқықтарын пайдаланады» деп көрсетілген.

Сонымен қатар, «Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы »ММ –мен 2021 және 2022 жылы жалпы сомасы  1 717,5 мың теңге іс сапар шығындары төленген.  Алайда, аудиторлық тексеру іс барыснда Ресей Федерациясының азаматтары анықталған.

Дене шынықтыру және спорт туралы Заңының 55-тармағына қайшы, Мекемемен жалпы сомасы 1 717,5 мың теңге төленген.

Анықталған бұзушылықтарға жол берген лауазымды тұлғалардың тәртіптік жауапкершілігін қарауды талап етіп, орындалмаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабы 3-тармағына сәйкес жауапты лауазымды адамға қатысты әкімшілік іс қозғалатындығы ескертілген.

ҚР Қаржы Министрлігі «Ішкі Мемлекеттік Аудит Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Ішкі Мемлекеттік аудит Департаменті»

РММ-нің мемлекеттік аудиторы Жақсыбекқызы А.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер