«Маңғыстау облысы бойынша Маңғыстау ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жүргізілген аудиторлық іс-шараның қорытындысы.
«Маңғыстау облысы бойынша Маңғыстау ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (БСН:110640008207) жүргізілген сәйкестік аудитімен жалпы сомасы 126 440,1 мың теңгеге (рәсімдік сипаттағы 108 346,9 мың теңге, қаржылық 18 093,2 мың теңге) бұзушылықтар анықталған.
Атап айтқанда: жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2022 жылғы 7 ақпандағы №47 «Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының (бұдан әрі - №47 Қағида) 5-қосымшасының талабы сақталмай 2022 жылы 93 грант алушылардың бизнес-жобалары жалпы сомасы 100 995,7 мың теңгеге үлгіге сай емес жасақталған және №47 Қағиданың 57-тармағының талабы сақталмай, 10 грант алушылардың қызметі қаражат түскен күннен бастап 3 айдан кешіктіріліп немесе мүлдем қызметтері салық органдарында тіркелмегені сонымен қатар бизнес жобаны іске асырудың нысаналы пайдаланылуын грант алушылар Порталда растайтын құжаттарды ұсыну арқылы он екі ай ішінде тоқсан сайын растамағаны белгілі болып, жалпы сомасы 12 250,1 мың теңгеге бұзушылыққа жол берген (7 351,2 мың теңгеге рәсімдік сипаттағы бұзушылық, 4 898,9 мың теңге қаржылық сипаттағы бұзушылық).
Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы» 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығының (бұдан әрі - №516 бұйрық) 4-тармағынының талабы сақталмай, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2017 жылғы 11 мамырдағы №130-ОД бұйрығының қызметтер жіктеуішінің 9-негізгі тобында біліктілігі жоқ жұмысшылардың тізіміне сәйкес, жеткізуші, қосалқы жұмысшылар, еден жуушы, жүк тасушы, аула сыпырушыларға Мекеме тарапынан жолдамалар беріліп, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Бюджет Кодексінің (бұдан әрі - Бюджет Кодексі) 97-бабының 6-тармағына қайшы, Мекеме тарапынан жұмыс берушілерге жалпы сомасы 9 822,3 мың теңге негізсіз аударылған.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 15 және 16-баптарының талабы және Бюджет Кодексінің 97-бабының 6-тармағының талабы Мекеме тарапынан тиісінше сақталмай, дара кәсіпкерлігі тіркелген 8 адам қоғамдық жұмыспен жұмысқа орналасып, жалпы сомасы 3 372,0 мың теңгеге бұзушылыққа жол бергені анықталды.
Анықталған бұзушылықтарды және оған ықпал еткен себептер мен жағдайларды толық жоюға және белгіленген тәртіппен тиісті лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарау бойынша шаралар қабылдау, нұсқама жолданып, ұсынымдарды қарау нәтижелері туралы ақпаратты растайтын құжаттарымен жіберілген.
Бір мезгілде, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес ұсынымдарды қарау нәтижелері туралы ақпаратты көрсетілген мерзімде жіберуге міндетті екенідіктері туралы хабарланды.
ҚР Қаржы Министрлігі «Ішкі Мемлекеттік Аудит Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Ішкі Мемлекеттік аудит Департаменті»