«Маңғыстау облысы бойынша Мұнайлы ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде жүргізілген аудиторлық іс-шараның қорытындысы.
«Маңғыстау облысы бойынша Мунайлы ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (БСН:110740001719) жүргізілген сәйкестік аудитімен жалпы сомасы 178 144,7 мың теңгеге (рәсімдік сипаттағы 171 754,0 мың теңге, қаржылық 6 390,7 мың теңге) бұзушылықтар анықталған.
Атап айтқанда: жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға гранттар Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2022 жылғы 7 ақпандағы №47 «Кәсіпкерлік бастамашылыққа жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының (бұдан әрі - №47 Қағида) 4,5,6,7-қосымшаларының талабы сақталмай, 2022 жылы 140 грант алушылардың өтініштері, бизнес жобалары, бағалау парақтары, шешімдері жалпы сомасы 163 177,6 мың теңгеге белгіленген үлгіге сәйкес емес толтырылғаны және №47 Қағиданың 57-тармағының талабы сақталмай, 7 грант алушылардың қызметі қаражат түскен күннен бастап 3 айдан кешіктіріліп немесе мүлдем қызметтері салық органдарында тіркелмегені сонымен қатар бизнес жобаны іске асырудың нысаналы пайдаланылуын грант алушылар Порталда растайтын құжаттарды ұсыну арқылы он екі ай ішінде тоқсан сайын растамағаны белгілі болып, жалпы сомасы 8 576,4 мың теңгеге бұзушылыққа жол берген.
Әлеуметтік жұмыс орындары бойынша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің «Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің кейбір мәселелері туралы» 2016 жылғы 14 маусымдағы № 516 бұйрығының (бұдан әрі - №516 бұйрық) 4-тармағынының талабы сақталмай, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің 2017 жылғы 11 мамырдағы №130-ОД бұйрығының қызметтер жіктеуішінің 9-негізгі тобында біліктілігі жоқ жұмысшылардың тізіміне сәйкес, жеткізуші, қосалқы жұмысшылар, еден жуушы, жүк тасушы, аула сыпырушыларға Мекеме тарапынан жолдамалар беріліп, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 95-IV Бюджет Кодексінің (бұдан әрі - Бюджет Кодексі) 97-бабының 6-тармағына қайшы, Мекеме тарапынан жұмыс берушілерге жалпы сомасы 5 891,3 мың теңге негізсіз аударылған.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 482 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 15 және 16-баптарының талабы және Бюджет Кодексінің 97-бабының 6-тармағының талабы Мекеме тарапынан тиісінше сақталмай, дара кәсіпкерлігі тіркелген 5 адам қоғамдық жұмыспен жұмысқа орналасып, жалпы сомасы 499,4 мың теңгеге бұзушылыққа жол бергені анықталды.
Анықталған бұзушылықтарды жою және оларға жол берген тұлғалардың жауаптылығын қарау туралы нұсқама жолданып, ұсынымдарды қарау нәтижелері туралы ақпаратты растайтын құжаттарымен қоса 2023 жылдың 16 қазанға дейін жіберілген.
Бір мезгілде, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес ұсынымдарды қарау нәтижелері туралы ақпаратты көрсетілген мерзімде жіберуге міндетті екенідіктері туралы хабарланды.
ҚР Қаржы Министрлігі «Ішкі Мемлекеттік Аудит Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша Ішкі Мемлекеттік аудит Департаменті»