Бүгін Сауран ауданы әкімінің орынбасары Серік Садибаев аудандағы Алтын және Күміс алқа иегерлерін марапаттап, төсбелгілері мен куәліктерін табыстады.
- «Еліміздегі айтулы Республика күні қарсаңында осынау жарқын мерекеде Алтын және Күміс алқа иегерлері атанып отырсыздар. Сіздерге мықты денсаулық пен отбасының амандығын, толағай табыстар мен жетістіктер, береке-бірлік шаңырақтарыңыздан шаттық, жүздеріңізден күлкі кетпесін», - деп игі тілегін білдірді аудан әкімінің орынбасары Серік Садибаев.
Жиында аудан бойынша 20 батыр ана марапатталса, соның 6-уы Алтын алқа, 14-і Күміс алқамен марапатталды. Сауран ауданында 2023 жылдың 3 тоқсаны бойынша әйел азаматшалардың саны - 50 073 болып, халықтың 50,7 құрап отыр. Ал, 18 жасқа дейінгі 4 және одан көп баласы бар отбасы - 5050 болса, Батыр аналарымыз 122, көп балалы аналар саны - 7729 құрайды. І-ІІ дәрежелі Даңқ орденімен марапатталған аналардың саны – 235 жетіп отыр. Аудан көлемінде Алтын және Күміс алқа атанып жатқан аналарымыз да жылдан жылға еселене түсуде. Қазіргі таңда Алтын алқа алған аналарымыздың саны - 494 болса, Күміс алқа алған аналарымыздың саны – 1828 құрайды.
Осынау мерекеде әр отбасының түтінін түтетіп, шаңырағын шайқалтпай, әрбір жанұяның ырыс - құты мен берекесін кіргізіп отырған асыл жандарымызды қалай қадірлесек те жарасады.
Жалпы Сауран ауданында әлеуметтік мәселелер оңынан шешіліп келеді. Сала мамандарының дерегінше ағымдағы жылдың 8 айында 604 отбасының 3 767 адамына 215 миллион 751,0 мың теңге атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып, төленген. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар ішінде еңбекке жарамды 1 106 адам жұмыспен қамту шараларына тартылды. Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың 1-6 жас аралығындағы 1 109 балаға 28 миллион 234,8 мың теңге қосымша төлем жүргізілді. 2023 жыл мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылар ішінен 6 отбасы мемлекеттік қайтарымсыз грант алды.
«Қамқорлық» бағдарламасы аясында әлеуметтік қолдау шараларымен жыл басынан 32 отбасына 1 млн. 066,0 мың теңгеге материалдық қаржылай көмектер көрсетілді. Жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз ету бойынша 1 адам тұрақты, 1 адам қоғамдық жұмыстарға орналасты.
Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік нысандарға және көлік инфрақұрылымдарына еркін кіріп шығу мақсатында қолжетімді орта қалыптастыру бойынша биылғы жылға 12 нысанды жыл соңына дейін бейімдеуден өткізу жоспарланды.
Ағымдағы жылдың 8 айында 7 нысан бейімдеуден өтіп интерактивтік картаға енгізілді, олар: Жуйнек, Иассы, Оранғай, Қарашық, Шаға, Майдантал ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты. Алдағы уақытта Бабайқорған, Үшқайық, Жібек жолы ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты мен аудандық емханаға қарасты Оранғай, Ескі Иқан ауылдық округ амбулаториясының ғимараты бейімделуі жоспарланған.
2023 жылдың 1 шілдесіне дейін 79 мүгедектігі бар адамдар инватакси қызметін пайдалануға өтініш білдіріп, инватакси қызметін пайдаланған.
Ағымдағы жылға облыстық бюджеттен зейнеткерлерге «Ардагерлер» үйіне 160, «Мейір» ардагерлер үйіне 160, жалпы 320 жолдама бөлінген. Оның ішінде: биылғы жылдың 1 қыркүйегіне «Ардагерлер» үйіне — 111, «Мейір» ардагерлер үйіне — 116 жолдамамен зейнеткерлер қамтылды. Жалпы өтініш берген зейнеткерлер саны 2 228 адам.
Одан бөлек, жергілікті бюджеттен нақтылау барысында зейнеткерлерге санаторлық курорттық ем қабылдау үшін (165 адамға 10 күнге) 27 миллион теңге қаралды. Заң талаптарына сәйкес мемлекеттік конкурс өткізіліп, ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап зейнеткерлер кезектілік бойынша жолдамамен қамтамасыз етілетін болады.
Сонымен қатар 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба аясында ағымдағы жылы Сауран ауданы бойынша 5 990 азаматты жұмыспен қамту жоспарланған. «Ұлттық жоба» аясында ағымдағы жылдың 8 айында 5 934 азамат өтініш білдіріп, оның ішінде 4 903 адам әлеуметтік шаралармен қамтылған, орындалу пайызы — 82,0 пайыз; Оның ішінде, жұмыссыздар – 3 741 азамат, өзін өзі қамтығындар — 78 азамат, жұмыс іздеушілер – 703 азамат және 381 азамат компазиттік қызметке тіркелді.
Сондай-ақ, әлеуметтік жұмысқа 270 орын жоспарланған, нақты қамтылғаны: 267 азамат, орындалуы: 99,0 пайыз.
«Жастар практикасына» 650 орын жоспарланған, қамтылғаны — 206 азамат, 31,6 пайыз. Қазіргі таңда оқу орындарымен және жұмыс берушілер арасында үгіт-насихат түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Қосымша Жастар ресурстық орталығы мекемесімен бірлесе жұмыссыз жастарды жұмыспен қамту мақсатында түрлі шаралар өткізілуде.
Қоғамдық жұмыстарға 800 орын жоспарланған, қамтылғаны: 1 110 адам, орындалуы: 138,7 пайыз.
Алғашқы жұмыс орындарына 65 орын жоспарланған, қамтылғаны: 60 адам, орындалуы: 92,3 пайыз.
«Күміс жас» жобасына бойынша жалпы жыл бойына 90 орын жоспарланған, қамтылғаны: 120 адам, орындалуы: 133,3 пайыз.
Мемлекеттік грантқа 100 орын жоспарланған, 1 лектің (поток) қорытындысына сәйкес 50 адам мемлекеттік грант иегері атанды.
«Бастау бизнес» жобасы аясында 180 азаматты оқыту жоспарланып, 8 айлық қорытынды бойынша 847 азамат оқытылды.
Тұрақты жұмыс орындарына 2 616 орын жоспарланған. Бос жұмыс орындарына 2 215 адам жоспарланған, 8 ай қорытындысына сәйкес, жолданғаны: 1 084 адам, орындалу пайызы: 49 пайыз. Алдағы уақытта аудан тұрғындарын жұмыспен қамту мақсатында бос жұмыстар жәрмеңкесі ұйымдастырылады.
«Ұлтық жоба» шеңберінде көзделген 21 нысан бойынша жаңа жұмыс орындарына 401 адам жоспарланған, 15 нысанға 138 адам жолданды. Орындалу пайызы: 34,4 пайыз. «Ұлттық жоба» шеңберінде белгіленген мердігерлермен 2 жақты меморондум түзілді.
Биылғы жылы 10 мың адамға 100 жаңа жұмыс орнын құру бойынша 1 242 жұмыс орны жоспарланып, бүгінгі таңға 879 адам жолданып, 70,7 пайыз орындалып отыр.