Сан ғасырлық сырға толы Сауран ауданы тың серпінмен дамып келеді. Аудан әкімдігінің күн тәртібіндегі негізгі мәселе тұрғындарға жайлы жағдай жасау. Аудан орталығы – Шорнақ ауылы қарбалас құрылыс алаңына айналған. 38 гектар аумақта әкімшілік-іскерлік орталығы бой көтерген. Соның ішінде аудан әкімдігінің ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген. Орталықта бүгінгі таңда мұнда инжерелік инфрақұрылымдар жүргізілуде. Сонымен қатар мемлекеттік органдар прокаратура, ұлттық қауіпсіздік комитетінің ғимараты, орталық мемлекеттік органдардың ғимараты, ішкі істер басқармасының ғимараттары бой көтеруде. Сонымен қатар, алдағы уақытта Шорнақ елді мекенінде 4 автомашинаға арналған өрт сөндіру депосы» құрылысы мен «200 орындық аудандық орталық аурухана», «500 орындық мәдениет үйі» , «Спорт комплексі» құрылысы нысандары пайдалануға беріледі.
Аудан орталығындағы негізгі көше бүгінде даңғыл жолға айналуда. Жолдың бойы абаттандырылып, тұрғындардың жайлылығы үшін желілік саябақ салынуда. Аудан әкімдігінің күн тәрбітіндегі негізгі мәселе тарихи атауды иеленген ауданды инфрақұрылымы қалыптасқан тұрғындарға және қонақтарға жайлы жағдай жасау. Осы аталған жұмыстарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ауыл тұрғындары қаладағыдай өмір сүруі тиіс» деген сөзінің өңірлерде шынайы көрініс тауып жатқанын аңғартады.
Аудан орталығы Шорнақ ауылы Түркістан қаласынан 20 шақырым жерде орналасқан. Бүгінде мұнда 12 мың халық тұрады. Аудан халқының саны 106,802 адамды құрайды. Ауданның жалпы көлемі 12 ауылдық округ пен әкімшілік орталығын қоса алғанда 721745 гектар жерді құрайды. 12 ауылдық округте жалпы саны 35 елді мекен бар. Ұлт руханиятында киелі ұғымға айналған «Сауран» атауының Түркістан облысында құрылған жаңа ауданға берілуінің зор. Себебі бұл атау ежелгі Түркістан ұғымымен тығыз байланысты. Жалпы Сауран – XII ғасырда ірі сауда орталығы ретінде іргетасы қаланған қала. Шаһар Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан. XIII ғасырдың орта шегінде Ақ Орданың астанасы болған.