Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында ауданның апталық жиналысы болып өтті. Мәжілісті аудан әкімі Мақсат Таңғатаров ашып, жүргізіп отырды. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және тиісті сала басшылары қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Атап өтсек, ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша бюджеттің орындалуы туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Мырзахметов, инвестиция көлемін арттыру мақсатында атқарылған жұмыстар туралы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Сұлтанғали Шакиров, күзгі дала жұмыстары мен үш жақты келісім-шарттың орындалуы бойынша аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сәкен Оразбаев, аудандағы санитарлық-тазалық жұмыстары туралы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Самат Рысбеков баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Мырзахметовтің мәлімдеуінше Сауран ауданы бойынша ағымдағы жылдың 1 қарашадағы кірістер бойынша жоспар 115,1 пайызға орындалып, 289 344,6 мың теңге артық түсті (жоспар – 1 912 126 мың теңге, нақты түскені – 2 201 470,6 мың теңге). Есепті кезеңге кірістер жоспары барлық ауылдық округтерде толық орындалған. Алайда, кірістердің жекелеген түрлері бойынша аудандық бюджетке түсетін салықтардың 2 түрінен жоспар орындалмағанын жеткізді.
Бұдан соң аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Сұлтанғали Шакиров хабарлама жасады. Бекітілген кешенді жоспарға сәйкес 2023 жылға негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 30,1 млрд теңге болып бекітіліп, нысаналы индикаторлар белгіленген. биылғы жылдың қаңтар-қыркүйек айына аталған жоспар 168,6 пайызға немесе 22 миллиард 399,4 миллион теңгеге орындалған. Аталған индикаторды орындау үшін ағымдағы жылы жүзеге асырылған ірі жобалар есебінен 7,5 миллиард теңге, бюджеттік инвестициялар есебінен шамамен 7,0 миллиард теңге және басқа-да инвестиция есебінен 15,6 миллиард теңгені құрайтын жобалар іске асырылады. Бүгінгі таңға ірі жобалар есебінен 4 миллиард теңгеден астам бірқатар жобалар жүзеге асырылатынын атап өтті.
Мәжілісті қорытындылыған аудан әкімі Мақсат Таңғатаров күн тәртібіндегі қаралған мәселелер бойынша тиісті бөлімдер мен ауылдық округ әкімдеріне нақты тапсырмалар беріп, орындалуы тұрақты бақылауда болатынын жеткізді.