Жүйнектегі жұмыстар жүйеленіп жатыр

image.png

Сауран ауданының  әкімі Мақсат Таңғатаровтың есепті кездесуі Жүйнек ауыл округі тұрғындарымен өтті. Өткен кездесуде тұрғындар тарапынан 19 мәселе көтерілген. Оның біршамасы шешімін тапқан. Аудан әкімі алдымен ауданда атқарылған біршама жұмыстарға тоқталып өтті. Аудан бойынша 36 елді мекеннің  32 елді мекені ауыз су құбырымен қамтамасыз етілген. Ауыз сумен қамту көрсеткіші – 84,7 пайызды пайызды құрап отыр. Ағымдағы жылдың 9 айында Сауран ауданы ауыл шаруашылығының негізгі капиталына 6 миллиард  164 миллион теңге инвестиция тартылды. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6 есеге артқан. Жыл соңына дейін 11 миллиард 332 миллион  теңге көлемінде инвестиция тартылады деп жоспарланған. Бұдан бөлек, алдағы уақытта жалпы құны 4 миллиард  260 миллион теңгені құрайтын бірнеше инвестициялық жобаларды іске асыру жоспарлануда. Сонымен қатар, аудандағы барлық көпірлер күрделі жөндеуден өткізіледі. 

Жүйнек ауыл округі бойынша ортақ жайылыммен ету жұмыстары қарқынды. Алдағы уақытта 7 000 гектар жер қайтарылып, жайылымға беріледі. Ауыл округ бойынша 2 000 адам жер кезегінде тұр. Тұрғын үй салуға бөлінген жерлерге инфроқұрылым тартылатын болса, жер кезегіне тұрған азаматтарға кезегімен берілетін болады. 

Есепті жиында тұрғындар тарапынан бірнеше мәселе көтерілді. Тұрғындардың заман талабына сай емхана қажет, көшелердің жарықшамдары жанбайды, жолға бейне бақылау камералары орнатылып, жол кедергілері қойылса деген талаптары бар. Байланыстың нашарлығы да халықты сарсаңға салған.

Барлық ұсыныс-талаптарды мұқият тыңдаған аудан әкімі 2024 жылдың бюджеті халыққа қажетті деген істерге жұмсалатын болады. Үлкен құрылыс жұмыстары инвесторларды тарту арқылы жүргізілетіндігін атап өтті. Есепті жиын соңында тиісті сала мамандарына тапсырмалар беріп, орындалуы өзінің қатаң бақылауында болатынын айтты. 

Осы ретте айта Жүйнек ауылдық округінің 2023 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін баяндап кетейік.

Сонымен… Жүйнек ауылдық округі 3 елді мекеннен құралған, атап айтсақ, Жүйнек, Шекербұлақ, Шыпан елді мекендері. Жүйнекте — 6773 адам, Шекербұлақта — 1908 адам, Шыпанда 2654 адам мекендейді. Оның ішінде қазақтардың үлесі — 2760, өзбектер — 8505, әзірбайжан 70 адамды құрайды. Ұзын-ырғасы 11335 адам тұрады.

Ауылдық округтің бюджетіне келсек, Жүйнек ауылы әкімі аппаратына ағымдағы жылда барлық шығындарын өтеуге 164 миллион 702 мың теңге бөлініп, қаржы кезең-кезеңмен толық игеріліп келеді.

Әлеуметтік сала бойынша бірер мәлімет. Ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсарту бойынша да бірқатар жұмыстар атқарылды. 2023 жылы 9 айда атаулы әлеуметтік көмекке өтініш берген азаматтар саны 101-ге жетті. Олардың ішінде 81 отбасыға тағайындалып, 15 546 147 теңге төленді, қалған 30 отбасы кедейлік шегінен асып кетуіне байланысты атаулы әлеуметтік көмек тағайындалмады.

Ал ақылы қоғамдық жұмысқа 42 азамат, жастар практикасына 34 азаматтар жұмысқа жіберілген екен.

Мәдениет саласына ойыссақ. Жүйнек ауылдық округінде қазіргі таңда 1 мәдениет үйі және 3 елді мекенде 3 кітапхана жұмыс істеп тұр. 9 айда  36  іс-шара өткізіліп, жалпы 1397 адам  қамтылған. Мәдениет үйі 300 орынға шақталған залдан, биге және басқа да үйірмелерге арналған бөлмелерден тұрады.

Кітапханалардағы жалпы кітап қоры – 28 463 кітап, оның ішінде қазақ тіліндегісі: 17184.

Енді ауыл шаруашылығы туралы да тілге тиек етейік. Алдымен егін шаруашылығы саласына тоқталсақ. Жүйнек ауылдық округінің жалпы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жері 49007 гектарды құрап отыр. 

Ағымдағы  жылға арналған жоспар бойынша 4300 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын егу жұмыстары жүргізілді.

Жүйнек ауылдық округіне қарасты ауыл шаруашылығы мақсатындағы 5602 гектар жайылым жер шаруа қожалықтарының келісімімен елді мекен тұрғындарының үй жануарларын жаюға ортақ жайылым ретінде пайдалану үшін ауыл әкімдігімен меморандумға тұрғызылды.

Мал шаруашылығы саласының көрсеткіштері де тәп-тәуір. Мәселен, 2022 жылғы 9 аймен салыстырғанда ірі қара мал — 117,7 пайызды, қой мен ешкі — 143,8 пайызды, жылқы — 149,8 пайызды, түйе — 155,7 пайызды, құс 93,3 пайызды құрады. 

Кәсіпкерлік және жұмыспен қамту салаларында да бірқатар алға жылжуды аңғарып отырмыз. Таратып айтсақ, Жүйнек ауылдық округі бойынша шағын және орта бизнес базалары төмендегідей: Заңды тұлғалар — 1, кооператив — 3, шаруа қожалықтары — 273, сауда дүкені — 30, жанар-жағармай бекеті — 1, шаштараз — 1, авто жөндеу шеберханасы — 3, дәріхана — 2, тойхана — 2, дәмхана — 2, монша — 2, қызмет көрсету орны — 1,  ағаш ұстаханасы — 1, шлакоблок шағаратын цех — 2.

2023 жылдың есепті кезеңінде 40 жеке кәсіпкер тіркелген және 30 кәсіпкер жеке дүкендері арқылы халыққа қызмет көрсету үстінде, 10 кәсіпкер басқа кәсіп түрлерімен айналасуда.

Коммуналдық сала бойынша саусақ бүгіп, санасақ, ауыз толтырып айтатын бірқатар шаруалар атқарылған. Жүйнек ауылдық округінде 9 айда:

-  Шекербұлақ елді мекеніндегі Түркістан көшесінің бойына қуаттылығы 160 кВА болатын 1 трансформатор іске қосылды.

-  Шыпан елді мекеніндегі Бабыр көшесінің бойына қуаттылығы 160 кВА болатын 1 трансформатор іске қосылды.

-  Орталық стадионға қуаттылығы 25 кВА болатын 1 дана трансформатор орнатылды, құдық қазылды, сметалық құны 6 073 692 теңгені құрады.-- Жүйнек елді мекенінде 1 дана су мұнарасы демеушілер көмегімен жөндеуден өткізілді.

- Жүйнек елді мекеніндегі облыстық маңызы бар автомобиль жолы бойында орналасқан көпшілік пайдаланып отырған ауыз су тарату жүйесінің алдына демеушілер көмегімен асфальт төселді.

- Шекербұлақ елді мекені Түркістан көшесінің бойына жылдамдық өлшегіш (айыппұл) бейнебақылау камерасы орнатылады.

-  Жүйнек елді мекеніндегі Қуаныш көшесін орташа жөндеу (асфалттау) жұмыстары жүргізіледі. Сметалық құны 51 277 540 теңге (жеңімпаз мердігер «Жайлау Агро» ЖШС, жеңіп алған суммасы 38 080 000 теңге) болып отыр.

-  Шыпан елді мекеніндегі Ғасыр көшесін орташа жөндеу (асфалттау) жұмыстары жүргізіледі. Сметалық құны 26 197 290 теңге (жеңімпаз мердігер «Жайлау Агро» ЖШС, жеңіп алған суммасы 19 488 000 теңге) болды.

-  Жүйнек елді мекенінде орналасқан орталық стадионды ағымдағы жөндеуден өткізілуде, Сметалық құны 15 254 000 теңге (мердігердің жеңіп алған суммасы 7 626 921 теңге) көлемін құрап отыр.

-  Жүйнек ауылдық округіндегі электр қуаты төмен аумаққа қосымша 1 трансформатор орнатылады (Ордабасы көшесіне орналастыру, жеңімпаз мердігер «SBS group company» ЖШС, жеңіп алған сомасы — 9 357 085,92 теңге ).

Сөздің орайы келгенде, Жүйнек ауылдық округі аумағынад жыл соңына дейін атқарылатын жұмыстарды да атап өтсек.

-  Жүйнек елді мекеніндегі ауыз су қамтылмаған аумағына ауыз су жүйелерін жүргізіледі. Сметалық құны 10 332 000 теңгені құрайды.

-  Жүйнек елді мекенінің тұрғындарын толық ауыз сумен қамтамасыз ету үшін ауыз су жүйесіне 1 су мұнарасын орнату.

-  Жүйнек ауылдық округіне қарасты елді мекендеріне қойылған су мұнарасын қосуға ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу. Сметалық құны — 19 094 000 теңге көлемінде.

-  Жүйнек елді мекенінде орналасқан Алмасбай тоғанын ағымдағы жөндеуден өткізу, Сметалық құны 14 971 810 теңге болып бекітілді.

Сонымен қатар Жүйнек ауылдық округінде  қосымша бюджет қаражатына ұсынылатын жұмыстар да баршылық. Мәселен:

-  Шекербұлақ елді мекеніндегі Абылайхан көшесін орташа жөндеу (асфальттау). Сметалық құны 29882,0 мың теңгені құрайды.

-  Жүйнек елді мекеніндегі Абай Құнанбаев, Бәйтерек, Түркістан көшелеріне жарықтандыру (150 вт лампа, қуаттылығы 250 кВА трансформатор орнату). Сметалық құны — 86062,47 мың теңге;

-  Шекербұлақ елді мекеніндегі Абылайхан, Ғ.Мұратбаев көшелеріне жарықтандыру (150 вт лампа, қуаттылығы 250 кВА трансформатор орнату). Сметалық құны — 27625,81 мың теңге;

-  Шыпан елді мекеніндегі Бабыр, Ордабасы көшелеріне жарықтандыру (150 вт лампа, қуаттылығы 250 кВА трансформатор орнату). Сметалық құны — 20845,0 мың теңге;

-  Жүйнек ауылдық округіндегі елді мекендерге трансформатор орнату. Сметалық құны -12846,0 мың теңге.

Жалпы құжат айналымына келсек, жалпы құжат айналым жұмыстары тұрақты жүргізілуде екен.

Кіріс құжаттар саны — 583, шығыс құжаттар саны — 689. «Е-өтініш» арқылы заңды тұлғалардан — 5, жеке тұлғалардан — 208, «Е-лицензия» арқылы 27 өтініш түсіп, уақытылы жауап берілген.

Атап өтер жайт, Жүйнек ауыл округінің орталығы – Жүйнек ауылы.  Елді мекендері — Жүйнек, Шекербұлақ, Шыпан.  Халық саны — 10134 адам.  Округтің жалпы жер көлемі — 45835 гектар. Оның ішінде:   ауыл шаруашылығы жері — 23510 гектар; суармалы жері — 293 гектар; жайылым жері — 18869 гектар; шабындық жері — 348 гектар.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер