Төлебиде туризмге тартылған инвестиция көлемі артып келеді

image.png

Төлеби ауданы  Қоғалы ауылдық округінде жаңа туристік нысан ашылды. Мұнда құны 50 миллион теңгеге саумалымен емдеу орталығы іске қосылып, тәулігіне 20 адам ем алуда. 6 адам жұмыспен қамтылды. Сондай-ақ Зертас ауылдық округінде құны 130 миллион теңге болатын саумалымен емдеу орталығы іске қосылып. 10 адам жұмыспен қамтылды. Одан өзге жыл аяғына дейін Қасқасу ауыл округінде жеке кәсіпкер М.Күмісовтың құны 150 миллион теңге болатын демалыс аймағын ашу жоспарлануда. Аталған салаға көптеп инвестиция тарту үшін және дамыту мақсатында Біркөлік, Ақмешіт, Қасқасу елді мекендеріндегі туристік рекраециялық аймақтардың бас жоспарына егжей-тегжей жоспары әзірленуде.  Жалпы   құны 2 201,7 млн теңгені құрайтын 7 ірі инвестициялық жоба іске асуының нәтижесінде 44 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.  Салаға жауапты мамандар 2024 жылы құны 803 млн теңгені құрайтын 4 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда дейді. Нәтижесінде 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылады деп күтілуде. 

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Түркістанға «Жібек жолы» халықаралық пойыз бағытымен 300 турист келді
  • ІХ халықаралық театр фестивалі шымылдығын түрді
  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер