Жамбыл облысында перзентханадағы ана өліміне байланысты жоспардан тыс тексеру басталды

image.png 

Денсаулық сақтау министрлігі Жамбыл облыстық перинаталдық орталығына қатысты жоспардан тыс тексеруді бастады.

Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті Жамбыл облыстық перинаталдық орталығына қатысты жоспардан тыс тексеруді бастады. 

— Тексеруге босанған әйелдің қайтыс болуына байланысты қайғылы жағдай негіз болды.

Тексеру шеңберінде медициналық персоналдың барлық кезеңдердегі іс-әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.

Бақылау іс-шаралары аяқталғаннан кейін тексеру материалдары процестік шешім қабылдау үшін тиісті органдарға беріледі, — делінген министрлік хабарламасында.

Денсаулық сақтау министрлігі пациенттердің қауіпсіздігі қағидаттарына және медициналық этиканы бұзуға мүлдем төзбеушілікке өзінің бейілділігін атап көрсетеді.

Тексеру нәтижелері туралы жұртшылыққа қосымша хабарланады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • Экономиканың әлеуетін арттыратын күш—инвестиция
  • Атакентте жаңа темір жол торабы қалыптасуда
  • «Түркістан-2» жаңа индустриялық аймағы құрылады
  • Ендігі міндет--сапалы ауыз сумен тұрақты қамтамасыз ету
  • Түркістан облысында 719 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер