Ірі супермаркеттерге төмен пайызбен несие беріледі

photo_59239.jpg

Түркістан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тиісті қорын қалыптастырып, бағасын реттеу мақсатында бірнеше бағытта жұмыстар атқарылады. Ірі супермаркеттер мен өндірушілерге жылдық 0,01% пайыздық мөлшерлемемен бір жылға несие беріледі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметін өткен брифингте Түркістан әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының басқарушы директоры Бағлан Жұмашбеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, қорға қажетті тауарларды сатып алу бойынша 650 млн. теңгеге жуық қаржы қарастырылған.

«Айналым қаражаты» жобасын жүзеге асыру аясында бірінші кезекте Түркістан, Кентау және Арыс қалалары әкімдіктерінің ұсынған 10 кәсіпкерлік субъектілеріне несие беру мәселесі пысықталуда. Несие ірі супермаркеттер мен өндірушілерге жылдық 0,01% пайыздық мөлшерлемемен бір жылға беріледі. Несие «Түркістан» ӘКК «АҚ депозитіне салынған қаражат есебінен беріледі. Несие беру кезінде бағаны тұрақтандыруға Түркістан облысының әкімдігі бекіткен шекті мәндермен белгіленген бағадан 10% төмен ұстап тұру арқылы қол жеткізіледі», – деді Бағлан Шәймерденұлы.

Бұдан бөлек Тұрақтандыру қорымен мемлекетік сатып алу жұмыстарын атқарылуда. Сатып алу бойынша 1 500 тонна (күріш, бірінші сұрыпты ұн, қарақұмық, күнбағыс майы, рожки, картоп, асханалық сәбіз) шамасында азық-түлік тауарларын мемлекеттік сатып алуға тиісті конкурс жарияланған.

«Түркістан» ӘКК» АҚ Түркістан қаласының әкімдігімен, Түркістан облысының ауылшаруашылық басқармасымен, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектімен Түркістан қаласында әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағаларын тұрақтандыру бойынша бірлескен қызмет туралы келісім жасалған. Осы келісім аясында тауарлардың бағасының көтерілуін болдырмауға және азық-түлік тауарларынын үздіксіз қамтамасыз етуге бағытталған бірлескен шаралар кешені жоспарланған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер