Түркістан облысы Қазығұрт ауданында соңғы жылдары кәсіпркерлік дамып, халықты жұмыспен қамту бағдарламалары жақсы жүзеге асуда.
Аудан басшысы Төлеген Телғараевтың айтуынша, өңірде шағын және орта бизнес бойынша 32 жоба жүзеге асып, «Жас кәсіпкер» жобасы нәтижелі жүзеге асқан.
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 268 тұлға 921,5 млн. теңге несие алып өз кәсіптерін бастап, кәсіпкерлікпен айналысуда. Аудан бойынша 154 мүмкіндігі шектеулі жан бір жылда тұрақты жұмыспен қамтылған. Қазығұрт ауданында туризмді дамыту қолға алынып, туристік нысандарды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде делінді жиын барысында.
Айта кетері, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік дағдылар мен біліктілікті меңгерудің тиімді жүйесін құруға, жаппай кәсіпкерлікті дамытуға, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қолдауды қоса алғанда, еңбек делдалдығының тиімді моделін құруға, сондай-ақ "Жастар – ел тірегі" ұлттық жобасының кешенді іс-шараларын іске асыруға бағдарланған.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі" атты Қазақстан халқына Жолдауында әлеуметтік қолдау жүйесін одан әрі дамытуға баса назар аударылды, сондай-ақ іс жүзінде мамандар даярлаудың отандық жүйесі нақты еңбек нарығынан тыс қалғаны аталды. Президент тапсырмасын орындау үшін "Еңбек" бағдарламасы жұмыс берушілердің өтінімдері бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру, сондай-ақ көпбалалы аналарды үйде айналысуды қоса алғанда, микро және шағын бизнеске тарту жөніндегі ережелермен толықтырылды.