Роза Абдуллаева, «Береке» қоғамдық бірлестігінің төрайымы:
-Қазақ халқының қанына сіңген қасиеттердің бірі- бауырмалдық. Осындай тектілігімізді қиын сәтте көрсетіп жатқанымыз бәрімізді қуантады. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев еліміздегі барлық кәсіпкерлерге үндеу жолдап, ел ішіндегі жағдайға бей-жай қарамауын тапсырды. Кәсібін өрге домалатып отырған әр азамат туған өлкесі мен өз аймағындағы тұрғындарға қолдау білдіруде. Бұл іске жер-жерде кәсіпкерлер, қарапайым азаматтар атсалысып, өз үлестерін қосуда. Бұл бүгінгі таңда халық игілігі мен олардың сақтық шаралары үшін үлкен көмек деп білемін.
Түркістан қаласының кәсіпкерлері де бұл игі бастамадан тыс қалып қойған жоқ. Аты жаман дерттің алдын алу шараларына арнайы қор ашылып, Тұран төріндегі текті тұлғалар түгелдей атсалысуда. Сауда қатарларындағы бағаның тұрақтығын сақтап тұруы да кәсіп иелерінің жанашырлығы деп ойлаймын.
Бұл індет бәрімізді алаңдатып қойғаны рас. Сол үшін осындай қысылтаяң кезде халқына қол ұшын созған барлық кәсіпкерлерге сенім артамыз. Бұл күндерден тек бірлігіміз бен татулығымызды ту етіп қана шыға аламыз.