Ақсақалдар алқасы игі бастаманы қолға алды

5e7dd4702b16b.jpg

Елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде өңірдегі жағдайы төмен отбасыларды қолдау мақсатында Түркістан облыстық ақсақалдар алқасы бастама көтеріп, арнайы әлеуметтік дүкенге демеушілер тарапынан азық-түлік пен киім-кешек жинауды қолға алды. Бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Алқа төрағасы Жарылқасын Әзіретбергеновтың айтуынша, жиналған заттар аз қамтылған жанұяларға үлестірілетін болады. Он алты аймаққа белгіленген ауылнайлар өз өңіріндегі аз қамтылған отбасылар тізімін жасап, аптасына бір реттік тегін киім мен азық-түлік тарқатады. Бұл жолы әлеуметтік дүкенге демеушілік жасаған облыстық мәслихат депутаты Баймахан Сүлейменов өз қаражатынан 2 тонна азық-түлік бөліп, ел алғысына бөленіп отыр. Ол «мұндай қайырымдылық шаралар ел ішінде жиі жасалып тұрса, әлеуметтік жағдай тұрақталып нарықтық-экономикалық ахуал реттелетін еді» дейді.

Ауыр індеттің алдын-алу мен сақтану шаралары бойынша облысымызда атқарылып жатқан шаралардың қатарында азық-түлік бағасын тұрақтандыру саласы да бар. Облыстық ақсақалдар алқасының игі істері де осы баға тұрақтылығы бойынша жасалып жатқан істердің бірі. Мұны қарапайым халық арасындағы көпбалалы аналар да растап отыр. Аталған көмек бойынша жәрдем алған жанұя мүшелері жақсылық жасаушыларға алғыстарын айтып, ыстық ықыластарын білдірді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер