Түркістанда қауіпсіздік шараларын күшейтілді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қалаға Ынтымақ, Кентау, Шәуілдір, Балтакөл блок - посттары мен Теміржол вокзалындағы бақылау өткізу бекеттерінде 15 бейнебақылау камералары орнатылды. 5 бекеттің әрқайсысында 3 "Сергек" камерадан қойылған. Барлық бейнежазылым 30 күн бойы сақталады.
Бұдан бөлек 2 бейнебақылау камерасында автокөліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірлерін тану жүйесі іске қосылған. Әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы және шетелдік нөмірлі көліктерді тіркеуге алу бойынша қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Онда полиция, дәрігерлер мен жедел-жәрдем және төтенше жағдай қызметкерлері тәулік бойы қызмет етуде.
Облыс көлемінде орналасқан бекеттердегі бақылау камералары Түркістан облысы әкімдігі тарапынан құрылған облыстық ситуациялық орталыққа қосылған. Онда барлық сала жетекшілерінен жиылған облыстық штаб мүшелері тәулік бойы жұмыс істейді. Түркістан облысы Аумағында инфекцияның таралуына жол бермеу бойынша барлық қажетті медициналық, профилактикалық және ұйымдастыру шараларын қабылдады.
Түркістан қалалық емхана мамандары азаматтардың дене қызуын тексеріп, дәрігерлік бақылаудан өткізеді. Ауруға күдікті ешкім тіркелген жоқ. Блок-посттардан бір тәулікте екі мыңнан астам адам өтеді. Ел амандығы үшін күні-түні жұмыс істеп жүрген қызметкерлер үшін мүмкіндігінше барлық жағдай жасалған. Бекет басына ауыз су, жарық жеткізіліп, дәретхана мен шатыр (палатка) қамтамасыз етілген.