Полицейлер мен дәрігерлер күшейтілген режимде жұмыс істеуде

90727291_520107555589676_3377855726624964608_n.jpg


Әлем елдерінің үрейін туғызып, әбігерге салған covid19 короновирус індетінің алдын алу мақсатында Жетісай ауданында арнайы блок-бекеттер құрылған. Тәулік бойы тынымсыз жұмыс істейтін бекеттерде полиция инспекторлары мен медицина саласының мамандары әрбір көлікті тоқтатып, арнайы құрылғымен азаматтардың дене қызуларын өлшеп, тексерістен өткізуде. Бұл туралы Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Сонымен қатар, блок-бекеттерден тіркеуден өткен әрбір азаматқа қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтап, ойын-сауық орталықтарына бармау, көпшілік орындардан оқшаулану, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтап, бетперделермен жүру керектігі түсіндірілуде.

Елдегі жарияланған төтенше жағдайға байланысты ауданда жүргізілген түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде аудан тұрғындары мен ауданға келуші қонақтардың арасында короновирус індетін жұқтырғандар тіркелмеген.

Қазіргі таңда блок-бекеттердегі полиция мен медицина қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Айта кетейік, бүгінде блок-бекеттер арқылы ауданға тәулігіне 4 мыңға жуық адам кіріп шығады екен. Бәрі де тіркеуге алынып, қатаң тексерістен өтуде.

Жетісай ауданының әкімі, аудандық төтенше жағдайлар режимін қамтамасыз ету жөніндегі комиссия төрағасы Жамантай  Бейсенбаевтың тапсырмасына сәйкес аудан аумағындағы қала, кент, ауылдық округтердегі адам көп жүретін қоғамдық орындар мен көшелерде, автобекеттер мен балабақшалардың ғимараттарында коронавирусқа қарсы залалсыздандыру жұмыстары жүріп жатыр.

Жалпы бұл жұмыстарды жүргізуге қауіпсіздік ережелері толық сақталған киімдері мен құрал-жабдықтары бар бірнеше мекеме жұмылдырылып, саябақтар, гүлзарлар, базарлар мен басқа да қоғамдық орындар, күнделікті адам жиі жүретін көшелер мен аяқжолдарда залалсыздандырылуда.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер