Қиын сәтте барынша бекем болып, табандылық көрсетуіміз қажет

5e8d59f52ef2a.jpg

Түркістан облысында қазір 400-ге жуық дәрігер, орта және кіші буын медицина қызметкерлері күнделікті қауіп-қатердің ортасында адам өміріне арашатүсіп, коронавирус індетімен күресуде. Бұл туралы Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Науқастарға тәулік бойы медициналық ем көрсетіп жүрген «Жетісай аудандық инфекциялық госпитальдың» меңгерушісіЗамира Ташимова әріптестерінің бір кісідей күресіп, көмекке қосымша дәрігерлер жұмылдырылып жатқандығын айтады. 30 жылдан астам тәжірибесі бар инфекционист-дәрігердің өзі де елде төтенше жағдай жарияланғалы бері күндіз-түні аянбайжұмыс істеуде.

«Тәулік бойы ауруханада коронавируске шалдыққан науқастарды қолымыздан келгенше емдеуге тырысудамыз. Әрине, ол азаматтардың қиналғандарын көргенде өзіміздің де жүрегіміз ауырады. Бірақ, қиын сәтте барынша бекем болып, табандылық көрсетуіміз қажет екенін түсінеміз. Жетісай аудандық инфекциялық госпитальда керектінің барлығы бар. Өз тарапымыздан да барлық сақтық шараларын қадағалаудамыз. 14 күн сайын тексеріліп, коронавирус індетіне сынама тапсырамыз»-дейді Замира Ілиясқызы.

Ал, Түркістан қалалық орталық ауруханасы жұқпалы аурулар бөлімінің карантиндік режимде жұмыс істеп жатқан дәрігерлері өз тараптарынан халыққа арнаған кеңестеріне түсіністікпен қарауға шақырады

«Ел амандығы үшін үйде қалып, сақтық шараларын қадағалау қажет. Өңірге қауіпті аймақтардан келген азаматтар жергілікті емханаға хабарласып, 14 күндік карантинде болулары тиіс. Қазіргідей қиын сәтте мыңдаған адамның қауіпсіздігі, бір адамның жауапкершілігіне байланысты болған күйге түстік. Сол себепті әр азаматпен жеке түсіндірме жұмыстарын да жүргіземіз»,-дейді екі аптадан бері үй бетін көрмеген Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының штаттан тыс инфекционист-дәрігері Замира Джурабекова. Дәрігер күні-түні провизорлық стационарда қызметте. Отбасымен қайта қауышатын күнді армандайды. Үйде жолдасымен 2 ұл, 1 қызы күтіп отыр. Кішкентайының жасы небәрі 7 –де. Өз өмірлерін бәске тіккен осындайдәрігерлердің еңбегі ерен.

Жалпы, облыс бойынша коронавирустық инфекциямен ауырған науқастарды жатқызу үшін 150 төсек-орын жасақталған. Пандемиялық індетке ұқсас клиникасы бар науқастарды жатқызып,диагноздарын анықтау мақсатында 510 төсек орынға провизорлық госпитальдар қарастырылған. Одан бөлек барлық аудандар мен қалалардағы инфекциялық аурулар бөлімдері дайын.Қарым-қатынаста болғандарды оқшаулау үшін облыс аумағына 955 төсек орынға карантиндік орталықтар ашылған.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер