Карантин аумағындағыларға көмек тоқтамайды

92683527_528617151405383_1335649694214258688_n.jpg

Түркістан облысында корнавирус індетінің ошағы саналатын Жетісай ауданында шектеу шаралары енгізілді. Бірқатар аудан, қалаларда елді мекендер, көшелер, тұрғын үйлерге карантин жарияланды. Мұндай шешім аурудың одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында қабылданып отыр. Карантин аумағындағы тұрғындар қажетті азық-түліктермен қамтамасыз етілуде. Бұған қайырымды азаматтар та атсалысуда. 

 Жетісай ауданы аумағында орналасқан карантин кезінде қиын жағдайға тап болған, аз қаматылған отбасыларға ел ағалары Үмбет Әбдиев пен Жабай Шындалиев басшылығымен азық-түлік таратылды. Бұл туралы аталған аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"Қазақ халқының басынан небір нәубет күндер өткен. Оған тарих куә. Сол замандардың барлығынан ауызбіршілігіміздің арқасында шықтық. Бұл індетті де ел болып жеңеміз. Осындай елдігіміз сыналар қысылтаяң уақытта, көмек қолын созып жатқан азаматтарға рақметімді айтамын." деді аудан әкімі Жамантай Бейсенбаев.  Қазіргі таңдаға дейін, карантин кезінде аудан бойынша 5 миллион теңгеге жуық аз-қаматылған отбасыларға көмек көрсетілген. Бұндай игі жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Жалпы өңірде облыс басшысы Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасы бойынша аурудың таралуын одан әрі өршітпеу үшін  17 сәуірге дейін біраз шектеулер енгізілді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер