Еріктілер елдің алғысын алуда

92607506_1288444568212499_81883242260594688_o.jpg

Елімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты көптеген кәсіпорындар жабылып, жеке кәсіппен айналысатын біршама азаматтар табыссыз қалды. Осыны ескерген Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев дер кезінде үкіметке табыс көзісіз қалған тұрғындарға 42500 теңгеден әлеуметтік төлемді ұйымдастыруды тапсырған болатын.

Осыған орай, мемлекет тарапынан беріліп жатқан әлеуметтік төлемді алу үшін тұрғындарға Түлкібас аудандық «Жастар ресурстық орталығының» және мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары қол ұшын созуда. 

Базаға кіру жолы мен құжатты қалай толтыруды білмейтін тұрғындардың құжаттарын толтырып, тиісті базаға тіркеп беруде.

Осылайша «Еріктілер жылында» аудан әкімдігінің қызметкерлері ерікті істері үшін аудан тұрғындарының алғысын алуда.

Ал «Нұр Отан» Түлкібас аудандық партия филиалы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері орталық базардағы халық тұтынатын өнімдерге кезекті мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында нан бағасы 75 теңгені құрап тұр. Ал, май бағалары 1600, 2000, 2300 тг көлемінде болса, күріш - 280, 300, 350 тг, қарақұмық - 400-420 теңге маңайында. Картоп, сәбіз, пияз бекітілген бағада, өспеген. Лимон бағасы 2800-3500 теңге арасында. Тілдесу барысында сатушылар бұл азық-түлік өнімдерін Шымкент қаласы және Сайрам ауданынан тасымалдап отырғандығын және қолдан көтеріп отырмағандарын алға тартты. Ет өнімдері көтерілмеген. Қазіргі таңда жылқы еті 2000 тг, сиыр еті мен қой еті 1800 теңгені құрап отыр. Мониторинг жұмысы жалғасады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер