Сайрам ауданының кәсіпкерлері 700 тонна ет экспорттады

et.jpg

Жыл басынан бері Түркістан облысының Сайрам ауданы көрші елдерге 700 тонна ет экспорттап үлгерді. Бұл туралы RGMEDIA.KZ ақпараттық агенттігі Түркістан өңірлік коммуникациялары қызметі таратқан деректерге сілтеме жасап хабарлайды.
Жалпы, Сайрам ауданы ет өндіруде еліміз бойынша алдыңғы қатарлы аудандардың бірі саналады. Індетке байланысты жарияланған төтенше жағдайға қарамастан мұндағы мал өсіріп,ет өнімін өндіретін шаруа қожалықтары жұмысын тоқтатқан жоқ. Нәтижесінде
Сайрам ауданынан жыл басынан бергі үш айда – бірінші тоқсанда Өзбекстан, Иран, Ресей мемлекеттеріне 465 бас мүйізді ірі қара мал мен 75 бас жылқы, 57 бас уақ мал тірідей экорттады. Сонымен қатар, 506 тонна сиыр еті, 71,4 тонна қой еті сойыс салмағында аталған мемлекеттерге саудаланған. Бұдан бөлек, 566 тонна мал азықтық құрама жем Өзбекстан және Ауғанстан елдеріне жөнелтілді.
Экспорттан бөлек, сайрамдық ет өндірушілер өз өнімдерімен Алматы, Нұр-Сұлтан Тараз және Шымкент қалаларымен қоса Түркістан, Қарағанды, Ақтөбе облысындағы шаһарлардың тұрғындарын да қамтамасыз етіп келеді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер