Оқшауланған азаматтар отбасыларына оралды

Screenshot_9.png

Түркістан облысы  Арыс қаласы ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің қызметкерлері тарапынан азық-түлік дүкендеріне мамандар әзірлеген арнайы жадынамалар таратылды. Бұл туралы Арыс қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Карантин шараларының күшейтілуіне байланысты барлық азық-түлік иелері мына талаптарға сай болуы тиіс:

-дүкенде міндетті түрде санитайзер болуы шарт

-келушілер дүкенге маскасыз кірмеуін бақылау керек

-келушілер 1,5-2 метр арақашықтық сақтауын қадағалау қажет

-сатушы бірреттік қолғап пайдалануы тиіс. 

Айта кетері, Арыс қаласында тағы үш адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Дертінен сауыққан азаматтардың барлығы Арыс қаласының тұрғындары.

Науқастар сәуір айының басында жұқпалы аурулар ауруханасына коронавирус инфекциясы диагнозымен жатқызылған. Дәрігерлер инфекция анықталған пациенттерге емдеу шараларын үздіксіз жүргізген. Медицина мамандары жүргізген емнің нәтижесінде 3 азамат қауіпті індетті жеңіп шықты. Осылайша, Арыс қаласында індеттен айыққандар саны алтыға жетіп отыр.

Жалпы, қаламызда коронавирус індетін жұқтырған 17 жағдай тіркелді. Оның ішінде 6 азамат жазылып шықса,бүгінде 11 азамат провизорлық орталықта ем алуда. Олардың жағдайы тұрақты.

Сондай-ақ, вирус жұқтырған азаматтармен жақын байланыста болып, карантинге оқшауланған Арыс қаласының 28 азаматы отбасыларына оралды. Дәрігерлер пациенттердің жағдайы жақсы екенін мәлім етті.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер