Тұрғындардың күшімен блок-бекеттер құрылды

Screenshot_13.png

Түркістан облысы Төлеби ауданындағы елдімекендерге тұрғындардың өздері блок-бекеттер қойып, қауіпсіздік шараларын қолға алуда. Бұл туралы аталған аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Жергілікті билікпен келісе отырып атқарылып жатқан шараның мақсаты коронавирус індетінің ел ішінде таралуын болдырмау. Ауыл азаматтары ұйымдастырған бекеттерде елдімекендерге кіріп шығатын көліктерді залалсыздандырып, жолаушылардың дене қызуын өлшеп, тіркеуге алуда. Сондай-ақ, әрбір азаматқа себепсіз үйден шықпауға, барлық жерде жеке бас тазалығын ұстанып, карантин режимін бұзбауға шақыруда.

Бұл атқарылып жатқан жұмыстарға жергілікті халық түсіністікпен қарап, оң көзқарақас танытып отыр. Шараға ауыл белсенділері мен ерікті жастар атсалысып жатыр.

Айта кетейік, қазіргі таңда мұндай сақтық шараларын ауданның барлық елдімекендері эстафета түрінде жалғастыруда.

Ауданда қайырымдылық шаралары жиі ұйымдастырылып, аз қамтамасыз етілген және көпбалалы отбасыларға көмек беріліп келеді.  "Біз біргеміз" акциясы аясында жергілікті кәсіпкер Амангелді  Нұров басшылық жасайтын «Бейбарс и К» ЖШС және Қуаныш Ешенқұл қоры 75 отбасыға 20 мың теңгеден қаржылай көмек беріп отыр. Осындай шақта ауылдастарға қолдау көрсету - азаматтық парыз екендігін жеткізді кәсіпкерлер. Әлеуметтік көмекке ие болған отбасылар да қиын-қыстау кезеңде қол ұшын созған демеушілерге ізгі тілектерін айтып, алғыстарын білдірді. Түркістан облысында жалпыхалықтық сипат алған "Біз біргеміз" жобасы өңірде дәстүрге айналып  үлгерді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер