50 отбасыға көмек берілді

Screenshot_15.png

 Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен қолға алынған «Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз!» акциясының шарапатын көрген отырарлықтардың саны артуда. Бұл туралы Отырар ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Акция аясында «Арыстанбаб» қоғамдық қорының қолдауымен аудандағы 50 отбасы бір айға жетерлік азық-түлікпен қамтамасыз етілді.

Айта кету керек, коронавирусқа қарсы күрес барысында әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмектесу мақсатында қолға алынған акция аудан әкімі Әбдіғали Жүнісовтің тікелей бақылауында.

Аса мұқтаж отбасыларға арналған қайырымдылық шарасында «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Абай Құрман мен «Арыстанбаб» қоғамдық қорының өкілі Нұрбол Тұяқбайұлы Мұсатай көмекті шын мұқтаждарға жеткізу басты мақсат екенін айтып, «Біз біргеміз!» акциясының ұйымдастыру жұмыстарына белсене атсалысып жүрген ауыл округтерінің әкімдеріне, «жасотандықтар» мен ерікті жастарға ризашылықтарын білдірді. Аудандағы аз қамтылған, асыраушысынан айырылған отбасылар мен мүгедек жандарға арналған көмек әр ауыл округтеріне жолданып, тұрғындардың үйлеріне дейін жеткізіліп берілді.

Өз кезегінде қасиетті Рамазан айында көмекке ие болған тұрғындар қиын-қыстау кезеңде қолдау білдірген ел азаматтарының қайырымды істеріне алғыстарын айтып, ақ баталарын берді.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер