Ауыл шаруашылығында ауқымды жобалар іске асуда

Мемлекет басшысы өз Жолдауында ауыл шаруашылығы саласы экономикамыздың алға жылжытудың қуатты күші болу керектігін атап көрсетті. Егер жаңғыртудың алғашқы кезеңінде кәсіпорындар енді ғана ашылса, екінші кезеңде олар жаңа құрал – жабдықтар сатып алып, өнім өндіруді ұлғайтуы қажет. Үшінші кезеңде технологиялық модернизация жасау талап етіледі. 

7865db2d-2ecf-4698-a1da-e6daf74f3f76.jpg

Бүгінде Түркістан облысында "Ecoinvest" ЖШС жобасының I кезеңі, яғни, 21 га жылыжай кешенінің құрылысы аяқталу сатысында. 2017 жылдан бастап Cottonex (Польша) компаниялар тобы Түркістан облысының Сайрам ауданында жоғары технологиялық жылыжай кешенін салудың ауқымды жобасын іске асыруға кіріскен. Инвестицияның жалпы көлемі 11,3 млрд.теңгені құрайды және 200-ден астам жұмыс орны ашылады.

 Сонымен қатар, "Эко Культура" АӨХ жобасы аясында 500 га жылыжай кешендерінің құрылысы басталды. Ресей компаниясы аталмыш жобаны Түркістан облысы, Келес ауданында жүзеге асыруда. Жобаны жүзеге асыру 2020-2025 жылдарға жоспарланған. Орталық Азияда теңдесі жоқ жобаға салынған инвестиция көлемі шамамен 600 млрд. теңгені құрайды. Қазіргі уақытта компания жобаның бірінші кезеңін іске асыру бойынша 50 га жобалау жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ, "Тан Сари Трейдинг А" ЖШС "бақша дақылдары мен жемістерді (қауын мен қарбыз) сақтау және өнеркәсіптік өңдеу бойынша агроөнеркәсіптік кешен" құрылысы бойынша жобаны іске асыруда. Жоба 2020 - 2021 жылдар аралығында жүзеге асырылмақ. Инвестиция сомасы-1,7 млрд.теңге. Компания өнімдері ТМД және ЕО елдеріне экспортталады.

Мүмкін сізді қызықтыратын тақырыптар:

  • «Әсем тауда» бәрі әсем
  • Көпшіліктің көзайымына айналған «Шале»
  • Туристерге сая болған «Нұрсая»
  • Тау етегіндегі ғажайып орын
  • «Маяк» - cапалы қызмет көрсетеді
  • Ақпарат

    • Rgmedia.kz ақпарат агенттігін есепке қою туралы № 16380-ИА куәлігі 06.03.2017 жылы Байланыс, ақпараттандыру және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік бақылау комитетінен берілді.

    Әлеуметтік желілер